Әлеуметтік педагог жұмысының есебі 2021-2022 » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Приемная
+7(72778) 58-5-94
Бухгалтерия
+7(72778) 58-5-94
Версия для
слабовидящих
13
сентябрь
2022

Әлеуметтік педагог жұмысының есебі 2021-2022

«М. Хамраев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Шуского районанің әлеуметтік педагогы Ш.А.Исраиловтың жыл бойы атқарған жұмыстың жазбаша есебі.


Қыркүйек айының басында әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары құрылды. 2021-2022  оқу жылғы 5 шілде 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» акциясының жоспары құрылып,   аз қамтылған, көп балалы, күн көрісі төмен отбасыларының балаларына жалпыға бірдей білім беру қорынан, мектеп әкімшілігінен, мектеп мұғалімдері тарапынан көмектер көрсетілді.  Ұйғыр ауданының жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 25 000 теңге бөлініп, 3 оқушыға кеңсе заттар, Санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасынан 30000 теңге бөлініп, 3 оқушыға қыстық куртка алып берді. 

           Мектеп әкімшілігі тарапына 55 000 теңге бөлініп,   3 а сынып оқушысы Азиев Амирға спорттық киім, 7а сынып оқушысы  Баратов Камильге қыстық куртка, 2 г сынып оқушысы Родина Вераға жаздық аяқ киім және спорттық киім, 1 г сынып оқушысы Родин Никитаға спорттық киім, 5 ә сынып оқушысы Азиев Таиржанға спорттық киімдер алып берілді. Мектеп ұжымы тарапынан 15 000 теңгеге 13 оқушыға кеңсе тауарлар берілді. 

         Олар: Гаитов Муслим, Айлина, Азиев Таиржан, Амир, Исамдинов Қурванжан, Исамдинова Камила, Жәмилям, Султанов Шахмурат, Анаров Сухраб, Рахимова Фарангиз, Ахметова Адилям, Баратов Камиль, Сулайманов Аблахат.

          МАӘК алатын отбасылардың тізімін ауыл әкімшілігінен алынып, тиісті жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік қамқоршылықтағы оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етілді.  

Сынып жетекшілерден оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу бойынша мәліметтер жиналды. 1 – 11 сынып оқушыларының сынып жетекшілері әлеуметтік жағдайларын біліп, әлеуметтік картасын жасап тапсырды. Әлеуметтік карта бойынша жартылай жетім, көп балалы, толық емес, аз қамтылған, күн көрісі төмен отбасындағы оқушылар анықталып, списоктары құрылды. 14 қыркүйектен бастап мектеп асханасы ашылып, жалпыға бірдей міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітіліп, 53 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп асханасынан арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар анықталып, 27 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Барлығы болып 80 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. 


Қазан айында – күн көріс төмен оқушыларды анықтап, сынып жетекшілері үйлеріне барып әлеуметтік жағдайын зерттеу актілері алынды. Мектеп асханасының жұмысы қадағаланды. ЖБМББҚ қаржы есебінен тегін тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың келмеген күндеріп есептеп шығарып, аудан бухгалтеріне жазбаша түрде есеп берілді. Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушылардың сабақтары қадағаланды. Аз қамтылған, күн көрісі төмен отбасындағы оқушыларға 2020-2021 оқу жылындағы   сұраныс бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан 1465833 (бір миллион төрт жүз алпыс бес мың сегіз жүз отыз үш) теңге қалдық қаржыға қыстық аяқ киімдер  таза жеткізіліп, барлық аяқ киімдер ата-аналарға таратылып берілді. Аз қамтылған оқушылар саны 48, ал 5 оқушы күн көрісі төмен отбасы. Барлығы болып 53 оқушыға тегін аяқ киімдер берілді.  Ата- аналар жағынан наразылық білдіргендер жоқ. Барлық киімдер комиссия құрамындағы мүшелерімен толық тексеріліп қабылданды.

Таратылып болғаннан кейін білім бөліміне мәлімдеме хат жіберілді. 

Қараша айында – әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілері жасалды. Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысы қадағаланды. 8 – 10 қараша аралығында аз қамтылған, күн көрісі төмен отбасындағы оқушыларға 2020-2021 оқу жылындағы   сұраныс бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан  қыстық курткалар таза жеткізіліп, барлық қыстық курткалар ата-аналарға таратылып берілді. Мектеп ұжымы,  ата- аналар жағынан наразылық білдіргендер жоқ. Барлық аяқ киімдер, қыстық курткалар комиссия құрамындағы мүшелерімен толық тексеріліп қабылданды. Аз қамтылған оқушылар саны 48, ал 5 оқушы күн көрісі төмен отбасы. Барлығы болып 53 оқушыға тегін қыстық курткалар берілді. Күн көрісі төмен отбасындағы 5 оқушының ішінде 3 оқушыға тамыз-қыркүйек  айларында «Мектепке жол» акциясы барысында мектеп ұжымы фондынан және Санитарлық эпидемиялық қадағалау басқармасынан 30000 теңге бөлініп, 2 оқушыға қыстық куртка алып берді. Сол себептен 3 қыстық куртка артылып қалды. Ол курткаларды оқу жылының басында өтініш жазған күн көрісі төмен отбасындағы 9 а сынып оқушысы Сонуров Нуршидинға, толық емес отбасындағы (жартылай жетім) оқушылар 8 а сынып оқушысы Азатов Ибрагимға,  8 ә сынып оқушысы Анаров Сухрабқа берілді. 

      Ай сайын ауданға барлық  тегін тамақ ішетін оқушылардың тізімін, қанша оқушы тамақтанды, қаншасы келмеді, себептерін анықтап есеп беріледі.


Желтоқсан айында – отбасы жағдайы төмен оқушыларға материалдық қолдау көрсетілді. «Муһәббәт Мәркизи» орталығынан  0 – 1 сынып оқушылар арасында 6 оқушыға яғни  Махаметов Амир, Исраилов Абдукарим, Турсунова Аида, Ашимова Фатимаға қыстық куртка берілді, ал Абдумежитов Абрам, Мамутов Рамильға қыстық аяқ киім берілді. 


 


         Толық емес отбасы (оның ішінде жартылай жетім), аз қамтылған, көп балалы, күн көрісі төмен, үйде оқитын оқушылар арасында 6 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар берілді.  Облыс, аудан әкімінің шыршаларына әлеуметтік қамқорлықтағы 6 оқушыға   да сыйлықтар таратылды. Ол  6 ә сынып оқушысы Мамутов Тимур, көп балалы, күн көрісі төмен, толық емес отбасы, 1 а сынып оқушысы Махаметжанов Наиль көп балалы, Баратов Амир , Халмуратова Гульрано, Тохтаева Альмира, Мубаракова Дильхумар аз қамтылған отбасындағы оқушылар.

 

 



Қаңтар айында – мектеп оқушыларының әлеуметтік төлқұжаттары жаңартылып жасалды. Оның ішінде көп балалы, толық емес (жартылай жетім, өгей әке, шеше, туысымен) отбасылар, аз қамтылған, күн көрісі төмен, ерекше білімді қажет ететін отбасылар. Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітіліп, бұйрық шығарылды. Тегін темақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың құжаттарын жинап, папкалаларға салынды. Мектеп асханасынан арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар анықталды. Қыркүйек – желтоқсан айларында  53 оқушы аз қамтылған отбасы, 27 оқушы арендатор есебінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген болса,  қаңтар айынан бастап 53 оқушы аз қамтылған, 34 оқушы арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ай сайын, күн сайын мектеп асханасының жымысы   қадағаланып отыр.  

 

 


     Жыл сайын мектеп ұжымы күн көрісі төмен, толық емес, жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға  оқушаларға мүмкіндігінше көмек беріп тұрады.  Мектеп ұжымы тарапынан 10 оқушыға 70-100 мың көлеміндегі ақшаға аяқ киім, қыстық курткалар, мектеп формалары және кеңсе тауарлар алып берілді.

        Олар: 4 а сынып оқушысы Ташполатов Идрисқа спорттық аяқ киім, Нурахметова Ясминаға қыстық аяқ киім, 1 г сынып оқушысы Родин Никитаға мектеп форма (шалбар, көйлек, жемпр) 2 г сынып оқушысы Родина Вераға мектеп формасы (кофта, юбка) 7 ә сынып оқушысы Тохтасунова Гульмюшқа юбка, 3 а сынып оқушысы Сраждинов Ахметжанға спорттық аяқ киім, Турғанжанов Султанмуратқа спорттық аяқ киім, 8 в сынып оқушысы Нуршидинов Камильге қыстық куртка, 8 а сынып оқушысы Курбанова Тахминаға кофта, Сулайманов Аблахатқа кеңсе тауарлар.   

 

  


        Ақпан айында – әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ЖБМББҚ қаржы есебінен тегін киім кешекпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тізімі жасатылды. Сондай ақ оқушылардың тиісті құжаттары жинастырылды. Ата аналарға да түсіндісу жұмыстары жүргізілді. 

         6-7-10 сынып оқушыларына  онлайн кезінде мектеп ноутбук, роутерлері ата аналарына, қол хат, түсінік хаттармен уақытша берілді. Ақпан наурыз айларында  онлайн офлайнға ауыстырылғаннан кейін мектеп ноутбук, роутерлердің барлығын жинап алдық. Мектеп асханасының жұмысын уақытында қадағалап отырдық. Мектеп асханасында жұмыс істеп жатырған жұмысшылардың барлық тамақтары, менюға сай болып өз жұмыстарын  атқарып отыр. Әр айдың соңында аудан бухгалтеріне тегін тамақпен қамтамасыз етіп отырған оқушылар туралы есеп береміз. 















       Наурыз айында – Мектепішілік есепте тұратын қиын және құқықбұзуға бейім оқушылардың тізімін анықтап және әлеуметтік – тұрмыстық тұрғын жай акті жүргізілді.          Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың ішінде 9 а сынып оқушысы Кадрова Арзигул, 5 ә сынып оқушысы Гаитов Муслим, 2 ә сынып оқушысы Гаитова Айлиналардың үйлеріне барып, тұрғын актілері жазылды. 8 наурыз халық ара әйелдер күніне орай оқушылардың концертіне толық емес, аз қамтылған көп балалы, күн көрісі төмен отбасындағы оқушыларды қатыстырып, өз өнерлерін белсенді көрсетті. 

      Сабақтан себепсіз 2-3 күн қалған әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үйде оқитын оқушылардың отбасылық, әлеуметтік жағдайлары бақыланды. Барлық оқушыларды қадағалау мақсатымен өз уақытында түнгі рейдттер жүргізілді. Өз ата – апасымен тұратын оқушылардың отбасылық, әлеуметтік жағдайлары бақылауға алынды.


          Сәуір - мамыр айларында - Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың сыныптастары арасындағы өзара қарым- қатынасын анықтау мақсатында, белсенділігін бақылау мақсатында сабаққа қатыстырылды. Әр күні өз уақытында оқушылар мектеп асханасына кіріп, аудан бекітіп берген менюмен тамақтандырылды. Барлық жабдықтар, тамақтары, мектепішілік талаптарға сай. Сайты школна өзіме тиісті құжаттар кіргізілді.  Мектеп әкімшілігі жағынан 25 – 30 мыңдай жиналып, жалғыз басты әке, толық емес, күн көрісі төмен отбасыларға азық-түліктер берілді. Шарын ауылдықтокругі бойынша атаулы көмек алатын отбасылар тізімі өзгерді.  Қазіргі таңда аз қамтылғандардың саны 21 отбасы 49 оқушы. Мектеп кітапханасына өткен акцияға мамыр айының соңында 1 гуашь, 3 пластелин, 2 қалам, 14 дәптер берілді. 


          1 мауысым Халықаралық балалар күніне орай ауданнан келген бұйрыққа байланысты, мектебімізден 3 оқушы яғни 2 ә сынып оқушысы Шаимова Гульминәм, 4 ә сынып оқушысы Пархатова Бахаргуль, 4 в сынып оқушысы Халмуратова Гульраноларды Аудан орталығына апарып мерекелік концерт, одан кейін Аудандық демалыс орталығына апарып мемлекет тарапынан аз қамтылған оқушыларға тегін ойындарды қатысып, тегін тамақтанып қайтты. Оқушылар риза болып, ата аналары алғыстарын айтты. 

 





 

 




      Биіл яғни 2022 жылы Балалар жылы болғандықтан  ата-аналары жұмыссыз,  күн көрісі төмен отбасындағы 10 оқушыға Шарын ауылының тұрғындарының көмегімен 50 мың теңге бөлініп, әр бір оқушыға 5 мың теңгеге 1 жеңіл жейде, 1 жаздық бас киім, балаларға арналған кукуруз, Қазақстан шокалады, 2 бананнан берілді. Балалар қуанып ата аналары риза болып қалды.