Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
Өмірбаян.
Мектеп көрінісі |
2012 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келемін.
Пән мұғалімі ретінде тәрбиелеп отырған оқушылары өздерінің жетістіктері арқылы түрлі дәрежедегі дипломдар мен сертификаттарға ие болып, қоғамда өз үлестерін қосып келеді.
2017-жылы орта білім беру мазмұнын жаңарту, жалпы білім беру ұйымдары оқу ісі орынбасарлары басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңартылған бағдарламаны оқып бітірдім.
2019 – жылы «Жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беріп және ауданның ізгі болашағына деген сенімін арттыруға лайықта үлес қосып, білім беру жүйесін дамытудағы жетістіктерім үшін» аудандық білім бөлімінің басшысының Алғыс хатына ие болдым. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан Алғыс хатқа ие болдым.
Отбасылымын. Отбасымда бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.
Ұлым: Таипов Руфат Шохретович Алматы технологиялық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқуды бітірген.
Қызым: Таипова Шахризам Шохретовна Алматы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Информатика» мамандағы бойынша грант бөлімінде оқуды бітіріп, Алматы қаласында №153 мектеп-гимназиясында өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр.
Сотталмағанмын.