Нормативтік құжаттар » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Нормативтік құжаттар
24
февраль
2020

Нормативтік құжаттар

"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қазанда № 17536 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Б. Асылова

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 556 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына 1-қосымша
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары
№ Білім беру салалары/ Ұйымдастырыл ған оқу қызметі Жас тобы
Ерте жас тобы (1-2 жастағы балалар) І кіші топ (2-3 жастағы балалар) ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар) Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар) Мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5-6 жастағы балалар) Жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)
1 "Денсаулық" 3 3 3 3 3 3
Дене шынықтыру 3 3 3 3 2,5 2,5
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері - - - - 0,5 0,5
2 "Коммуникация" 1 1 2 2,5 5 6,5
Сөйлеуді дамыту 0,5 0,5 1 1 1 1
Көркем әдебиет 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5
Сауат ашу негіздері - - - - 1 1,5
Орыс тілі - - 0,5 0,5 1 2
Шет тілдерінің бірі - - - - 1 1
Драма - - - 0,5 0,5 0,5
3 "Таным" 1 2 2,5 2,5 2,5 3,5
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру - - 1 1 1 2
Сенсорика 0,5 0,5 - - - -
Құрастыру - 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5
Жаратылыстану 0,5 1 1 1 1 1
4 "Шығармашылық" 2 3 3 3,5 5 5
Сурет салу 0,5 1 1 1 1 1
Мүсіндеу 0,5 0,25 0,25 0,5 1 1
Аппликация - 0,25 0,25 0,5 1 1
Музыка 1 1,5 1,5 1,5 2 2
5 "Әлеумет" - - 0,5 0,5 1,5 2
Өзін-өзі тану - - - - 1 1
Қоршаған ортамен танысу - - 0,25 0,25 0,25 0,5
Экология негіздері - - 0,25 0,25 0,25 0,5
6 Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 7-15 минут 15-20 минут 25-30 минут
7 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі 7 9 11 12 17 20
8 Вариативтік компонент* - - 1 2 3 4
9 Барлығы 7 9 12 14 20 24
*басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс).
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 10 қазандағы
№ 556 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 557 бұйрығына 2-қосымша
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспары
№ Білім беру салалары/ Ұйымдастырылған оқу қызметі Жас тобы
Ерте жас тобы (1-2 жастағы балалар) І кіші топ (2-3 жастағы балалар) ІІ кіші топ (3-4 жастағы балалар) Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар) Мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы (5-6 жастағы балалар) Жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы (6-7 жастағы балалар)
1 "Денсаулық" 3 3 3 3 3 3
Дене шынықтыру 3 3 3 3 2,5 2,5
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері - - - - 0,5 0,5
2 "Коммуникация" 1 1 2,5 3 6 6,5
Сөйлеуді дамыту 0,5 0,5 1 1 1 1
Көркем әдебиет 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5
Сауат ашу негіздері - - - - 1 1,5
Қазақ тілі** - - 1 1 2 2
Шет тілдерінің бірі - - - - 1 1
Драма - - - 0,5 0,5 0,5
3 "Таным" 1 2 2,5 2,5 2,5 3,5
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру - - 1 1 1 2
Сенсорика 0,5 0,5 - - - -
Құрастыру - 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5
Жаратылыстану 0,5 1 1 1 1 1
4 "Шығармашылық" 2 3 3 3,5 5 5
Сурет салу 0,5 1 1 1 1 1
Мүсіндеу 0,5 0,25 0,25 0,5 1 1
Аппликация - 0,25 0,25 0,5 1 1
Музыка 1 1,5 1,5 1,5 2 2
5 "Әлеумет" - - 0,5 0,5 1,5 2
Өзін-өзі тану - - - - 1 1
Қоршаған ортамен танысу - - 0,25 0,25 0,25 0,5
Экология негіздері - - 0,25 0,25 0,25 0,5
6 Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 7-15 минут 15-20 минут 25-30 минут
7 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы көлемі** 7 9 11,5 12,5 18 20
8 Вариативтік компонент* - - 0,5 1,5 2 4
9 Барлығы 7 9 12 14 20 24
*басқа іс-әрекет түрлеріне (ойын, дербес, шығармашылық, жеке жұмыс);
**"Қазақ тілі" ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша сағат саны вариативтік компонент есебінен ІІ кіші топта 0,5 сағатқа, ортаңғы топта 0,5 сағатқа, ересектер тобында 1 сағатқа артады.

Похожие публикации:

24 февраль 2020 Мектеп тарихы