Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
01
сентябрь
2021

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Өмірбаян.


Мектеп көрінісі

 Мен, Тохтиев Шохрет Таипович  27 ақпан 1968 жылы Алматы облысы, Ұйғыр  ауданы Шарын ауылында қарапайым еңбеккерлер отбасында дүниеге келдім. 1976 – 1986  жылдары Шарын орта мектебінде білім алдым. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1986-1988 жылдар аралығында әскері қызметте болдым. 1988-1991 жылдар аралығында Жаркент педагогикалық училищесін Бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуды бітірдім. 1991 жылы қыркүйек айынан бастап Шарын орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2002 жылы Абай атындағы педагогикалық университетінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  факультетіне оқуға түсіп, 2005- жылы аталған  университеттін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқуды бітірдім. 2005 жылы М.Хамраев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне ауысып жұмыс істеп келемін. Мектепте жұмыс істеп жүрген кездері мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып келемін.

2012 жылдан бастап  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келемін. 

Пән мұғалімі ретінде тәрбиелеп отырған оқушылары өздерінің жетістіктері арқылы  түрлі дәрежедегі дипломдар мен сертификаттарға ие болып, қоғамда өз үлестерін қосып келеді.

2017-жылы орта білім беру мазмұнын жаңарту, жалпы білім беру ұйымдары оқу ісі орынбасарлары басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңартылған бағдарламаны оқып бітірдім.

2019 – жылы «Жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беріп және ауданның ізгі болашағына деген сенімін арттыруға лайықта үлес қосып, білім беру жүйесін дамытудағы жетістіктерім үшін» аудандық білім бөлімінің басшысының Алғыс хатына ие болдым. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан Алғыс хатқа ие болдым.

   Отбасылымын. Отбасымда бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын. 

Ұлым: Таипов Руфат Шохретович   Алматы технологиялық  университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқуды бітірген. 

Қызым: Таипова Шахризам Шохретовна Алматы Қазақ  Ұлттық педагогикалық  университетінің «Информатика» мамандағы бойынша грант бөлімінде оқуды бітіріп, Алматы қаласында №153 мектеп-гимназиясында өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Сотталмағанмын.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Мектеп директоры