Қыздарға кеңес » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2022

Қыздарға кеңес

«М.Хамраев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталағымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қыздар  жиналысының   хаттамасы

Өткізілген күні  20.12 .2022

Қатысушылар:  187

Қыздар  жиналысының тақырыбы: «Қыздарға кеңес» 

8-11 сынып қыздары арасында 2022  жылдың  20 желтоқсан  күні  «Қыздарға кеңес» 

тақырыбында жиналыс  өткізілді.

Күн тәртібі:

1.Оқушылардың  үлгерімі, сабаққа қатысуы;

2.Мектеп психологі   А.Айнабекова   «Қыздарға 40 кеңес»   слайд көрсету

3.Мектеп медбикесі Г.Джаламова  «Тазалық денсаулық кепілі» баяндама  

Тыңдалды:          

      Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Т.К.Авутова өз сөзінде мектептегі қыз балалардың тән қасиеттерді сақтау туралы түсініктеме берді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Турсунова   қыз балалардың сабақ үлгерімі,тәртібі,рейдттік жұмыстар жүріп жатқаны  туралы ескіртті.

Мектеп психологі    А.Айнабекова  «Қыздарға 40 кеңес » туралы  слайд көрсетіп,түсініктеме жүргізді.

Мектеп медбикесі Г.Джаламова «Тазалық денсаулық кепілі »  атты баяндама

оқып, денсаулығына тигізер кері әсері туралы толыққанды мәлімет берді.

Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сендердің қолдарыңда. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан — жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар? Оқушылар: Денсаулық - Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты. Денсаулық - тамақ ---- күш ---- тазалық - Денсаулықтың досы – тазалық. Ол үшін біз жеке бас гигиенамызды таза ұстауымыз керек.

Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.  Сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет? • Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек. • Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек. • Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек. 

Сонымен бірге, жұқпалы инфекциялардың түрлері, оларды жұқтырудың жолдары, салдары да тереңнен қозғалды. Қарапайым сөзбен айтқанда, бақытты да дені сау, әдемі болу үшін, тазалық гигиенасын сақтап, жыныстық қатынастан отбасын құрғанға дейін бас тартуға шақырды. Дәрігерге уақытында қаралғанның өзі көптеген проблемалардың алдын алуға болатындығы айтылды.

Шешімі:

1.  Сабақ үлгерімі,қыздарға тән тәртіпті сақталуын қадағалау қыздар басшылары мен сынып жетекшілеріне міндеттелсін.


   Жиналыс төрайымы                       Т.К.Авутова                        

                  Хатшы               М.К.Турсунова