Ұлыстың ұлы күні Наурыз » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2023

Ұлыстың ұлы күні Наурыз

«М.Хамраев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспарға сай,

22 наурыз мерекесіне  арналған, Наурыз мейрамы көктемгі мерекесінің тойлауы өтті. 

    13-наурыз күні 1-11 сыныптар арасында сынып жетекшілер «Наурыз ұлыстың ұлы күні» атты тақырыпта ашық сынып сағаттары өткізілді. МАД тобында «Хуш кәлдиң,Норуз» атты тақырыпта тәрбиешісі З.Хелилова және практикаға келген 3 ші курс студенттер Г.Низамова мен Д.Баратовалар ертеңгілікті ұйымдастырып ,өткізді.

    13-18 наурыз күндері мектеп ауласын тазарту жұмыстары 5-11 сынып оқушылары және мектеп ұжымымен ұйымдастырылды.

    16-наурыз күні «Нұр себелі,Наурыз ұлыстың ұлы күні» атты тақырыпта мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Мерекелік концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға 5-9 сынып оқушылары қатысты, атап айтқанда: ұлттық дәстүрлер мен салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдар, ойындар мен билер көрсетілді.

    Мектеп фойесі мерекеге сай безендірілді.Мектеп әкімшілігі барлық қызметкерлер мен оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады. Көктемгі күн сәулесімен бірге  үйлерімізге бейбітшілік пен амандық, денсаулық пен өзара түсіністік келуін  тілеп жылы лебіздерін білдірді.