"Мен мамандық әлеміндемін." 9-11 сынып оқушылармен » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мен мамандық әлеміндемін." 9-11 сынып оқушылармен
17
ноябрь
2021

"Мен мамандық әлеміндемін." 9-11 сынып оқушылармен

Тақырыбы: Мен мамандық әлеміндемін.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Кәсіптік бағдар беру.Өзін өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру.

Түрі:Ашық әңгіме сағаты,

Әдіс-тәсілдері:«Ми шабуылы»,психологиялық жаттығулар, ойындар, тренингтер

Көрнекілігі:суреттер,интерактивті тақта,түсті бояу, карандаш, ақ парақ,стикер, фламастер, музыка т.б.

Тренинг уақыты:45-60 минут

Қатысушылар:9-11 сынып оқушылары,кеш қонақтары.

Бағдарламада:

1.Ұйымдастыру кезеңі;

-амандасу;

    -таныстыру/ кеш қонақтарымен/

ІІ.Негізгі бөлім

1-ші кезең «Жаттығамыз»

  а/ Жаттығу  «Мамандықты  тап»  /11с оқушыларымен/

  ә/ Ойды аяқта:     «Егер мен  ..... болмасам,  .....»  /кездесу қонақтарымен/

  б/ Шағын дәріс:«Мамандық әлеміне  саяхат»

2-ші кезең. «Танымдық»

Жаттығу: «Әріпті мамандық»

Жаттығу: «Ең,ең....»

3-ші кезең «Шығармашылық»

Жаттығу «Егіздер»(шығармашылық байқау)

4-ші кезең. «Мамандық –өмір таңдауы»

Жаттығу: «Таңда, ойыңды дәлелде» .

Жаттығу: «Бұл кім?» кәсібибағдар ойыны

Рефлексия.

І.Кіріспе: Оқушылар сіздер әр қайсыңыз  өздеріңізді білгір  мамандар  мектебінің мүшесі  ретінде сезініңіз.Сіздердің араларыңызда  кім мамандықтар туралы  көп біледі деген  жан-жал пайда болды делік. Бұл жанжал сізді 2 топқа  бөлді. Енді түстер бойынша  2  топқа  бөлінеміз.Қай топ мамандықтар туралы  көп біледі, оны дәлелдеу үшін жарыс ұйымдас-тырамыз.Ал мен және қонақтар сарапшылық жасаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?

 «Мамандық» сөзіне  анықтама беру.

      Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

    Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

      Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару  мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында  біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.

ІІІ.Кеш қонақтарына сөз беріледі:/

ІҮ. Оқушылармен жұмыс

1-ші кезең «Жаттығамыз»

а/ Жаттығу  «Мамандықты  тап»  /11с оқушыларымен/


Менің мамандығым оңай сияқты,бірақ менің жұмысымнан барлық тұтас  ұжымның жұмысы бағаланады. Бұл мамандық үнемі қозғалысты және  мықты  жүйкені талап  етеді. Мені  бет әлпетімнен  білмейді, үнемі арқаммен  көреді. Сонда мен қандай маман иесімін? .


Өмір көтеріп тұрып құлатады, күлдіріп тұрып  жылатады.

Уф деген желге дірілдей  көрме,

өмір шыдамдылықты ұнатады.

(бұл жолды жазған маман иесін тап)


Мен пропандық отпен жұмыс жасаймын. Температурасы 80-90 градус ыстық пештің  алдында аяқтай тұрып жұмыс жасаймын. Бірде бір оқу орны  бұл мамандыққа оқытпайды


ә/ Ойды аяқта:     «Егер мен  ..... болмасам,  ..... »  /кездесу қонақтарымен/

б/ Шағын дәріс: « Мамандық әлеміне  саяхат» /мектеп психологы/

Мақсаты: қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары туралы мағлұмат беру;

Аниматор- бұл суретке  жан бітіруші.

Мультипликатор –мультфильмдерге  арналған суреттер салушы.

3D-аниматор -3 деңгейлі графиканы өңдеуші  дизайнер.

Витражист-көрмедегі және дүкендегі заттарды тартымды орналастырабілетін мамандар.

Декоратор –түрлі мекемелерді,ғимараттардың ішін  әсемдеуші.

Интерьер дизайнері-үйіміздегі, кеңсе-міздегі жиһаздарды талғаммен  орналастыра білетін мамандар.

Грим  жасаушы  суретші- кейіпкерге  тән бет-бейне жасайды.

Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына  қосылуда өз товарларын жарнамалау,сату мақса-тында маман иелері: бренд –менеджерлер,супервайзерлер,мерчендайзерлер, жарнама менеджерлері-осы мамандықтарға  анықтама беріліп, жұмысы туралы баяндалды.

2-ші кезең. «Танымдық»

Жаттығу:« Әріпті мамандық ». (Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. )

1 топқа: «М, Э»;      2  топқа:  «П,А»;

Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер.

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО-ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Сарапшы – қонақтар:  Техниканың дамыған заманында  мынадай мамандықтар пайда болды: программист,жүйелік әкімшілік, жүйелік инженер, т.б. Ғаламтордың пайда болуымен қатар мынадай мамандықтар: веб-дизайнер, веб-программисты.Қазіргі уақытта  үй-жайларын  сату, сатып алу, ауыстыруда риелторға  жолығу  арқылы  шешуге  мүмкіндік  алды.Сату жарнамалары да жұмыс жасайды.

Жаттығу:«Ең,ең....» /оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек/.

Ең ақшасы көп-
 Ең жасыл-
 Ең тәтті-
 Ең күлкілі-
 Ең жауапты-
 Ең салмақты-
 Ең қарым-қатынасы күшті-

Сарапшы – қонақтар: Жаңа заманаға сай мамандар тиімді жұмыс жасауға, демалуға,түрлі пікір таласқа көмектеседі. Бұл жерде  еңбек ететін: туризм менеджерлері,крупье, сомелье, диджейлер.Шоу бизнестің дамуына байланысты: шоумен, продюссер, имидж-мейкер,РR-менеджер пайда болды.Қазір тұтынушыға товарларды ұсыну,таңдауға кеңес беретін жаңа мамандықтар пайда болды.

3-ші кезең «Шығармашылық»Жаттығу «Егіздер»(шығармашылық байқау)

Бұл тапсырма  сіздердің шығармашылық және қиялдың дамуына  көмектеседі.Сіздердің  егіз достарыңыз бар деп елестетіңіз.Ол егіздер сіздерді туған күндеріне қонаққа шақырды.

Топпен бірнеше минут ақылдасып,қандай сыйлық алуды ойластырасыз.Мына 3 жағдайды

ескеруіңіз керек:

-сыйлық  мамандықты  меңзейтін  болу  керек;

-сыйлық  көңілді ашатын,ерекше  болу  керек;

-сыйлық  баға  жағынанда  қол  жетімді  болу  керек

Сонымен бірге  туған күнге барушылар өздеріне маскарадтық костюмдер ойластырып,ватманға  түсті бояулар,фламастер арқылы безендіру жасайды,10 мин.уақыт  беріледі.Әр топ өз жобасын қорғайды.

Қорытынды:  Білгір мамандар мектебінің жеңімпаздары  анықталады.

Келесі тапсырмаларға 9-10 сынып оқушылары қатысады

4-ші кезең. «Мамандық –өмір таңдауы»

Жаттығу: «Таңда, ойыңды дәлелде» ./Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде/.

Мамандық бір-ақ рет бір жолатаңдалады

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

Ақша болса, мамандық қажет емес.

Жаттығу: «Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны.

Қазір  мен сендерге әртүрлі  мамандықтар айтамын, ал сендер секунд  ішінде  жолдастарыңызға қарап аталған мамандық кімге  көбірек үйлесетінін іштей  анықтайсыңдар.Сосын не себепті  сол адамға  таңдағандарыңды және  не себепті сол мамандыққа  сәйкес келетіндігі туралы  өз ойларыңды  айтасыздар.

Рефлексия.

1.Сен өзің  үшін  жаңалық  алдың ба?Сен  үшін  бүгін  не  нәрсе  күрделі  болды?

2.Саған  бүгін  не  нәрсе  ұнады?

3.Бүгін  қандай  жаңа  мамандықтар  туралы  мәлімет алдың?

4.Бүгін  қандай  мамандықтар  туралы  айтылды?