Педагог-ұйымдастырушы жұмысының 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың мәліметі. » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-ұйымдастырушы жұмысының 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың мәліметі.
15
август
2021

Педагог-ұйымдастырушы жұмысының 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың мәліметі.

«М.Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

 педагог-ұйымдастырушы Турсунов Дастан Тургановичтің 

2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстардың мәліметі.

          Осы жылы елімізде айтулы мерекелер көп соның бірі және бірегейі бас заңымыз Конституцияға биыл 25 жыл толып отыр. Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаған елміз сондықтан Конституцияны құрметтеу оны ұлықтау біздің басты парызымыз.

           Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

            Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттаған оқушыларды  қарсы алды, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

         Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 02.09.2020 жылғы хатына сәйкес, Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылы 14-21 қыркүйек аралығында «Отбасы- бақыт мекені» атты Республикалық апталық бойынша жоспар құрылып, іс-шаралар жүргізілуде. Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында мектепте 1-11 сынып оқушылары арасында 14 қыркүйек күні онлайн форматында «Отбасы сағаты» өтті. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. 21 қыркүйек күні 5 сыныптар арасында  «Мықты отбасы-мықты мемлекет» атты қашықтықтан онлайн сабақтары және сурет салумен өттілді. 



       2020 жылғы 14 қыркүйек Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауында айтылған ұстаздар қауымына және жастар мәселесіне қатысты шешімдерді жас мамандармен талқылау бойынша Zoom платформасында түсініктер жүргізілді. Қатысқан контингентің ойларындағы сұрақтарға нақты және қанағаттанарлық шешімдер мен жауаптар табылды. Мектіптің көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер «Сырдарлы қоғамдық диалог» аясындағы пікірталаста ұрпақтар сабақтастығын жас мамандармен жалғап, мұғалім мәртебесінің қоғам алдындағы өсу деңгейін, жастарға қолдау көрсетіп отырған саясаттың артықшылықтарын баса назарға алып жеткізді.


             Қазақстан халқы Тілдер күніне орай   «Ұлтымың ұлы ұстазы-Ахмет» атты танымдық онлайн сабақ өткізілді. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген артына өнегелі сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына талдау жасалды.

        Тілдер апталығы аясында орай оқушылардың туған жеріне деген сезімі мен құрметін білдіруі арқылы шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында "Сүйікті ауылым - Шарыным" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар шағын Отанына деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, лебіздерін шығармашылықтары арқылы жеткізді.         

















Қазан айының 3 аптасында Құқықтық тәрбие барысында «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты пікір талас өткізілді. 9-11 сыныптар аралығында өтілді. Жұмыс жасалған жоспар бойынша ZOOM платформасында жүргізілді 

8-13 қазан аралығында темекіге қарсы күрес күніне орай «Темекіге тұншыққан ұрпақ» тақырыбында оқушыларға қабырға газеттерін шығару ұйымдастырылды. 9-11 сыныптар аралығында «Арақ, шылым, насыбайдың зияны» тақырыбында үлкен үзіліс кезінде баяндама оқылды.

21-30 сәуір аралығында ядролық апаттың 35 жылдығына арналған «Чернобыль ардагерлері мен жергілікті жауынгерлер одағы» атты онкүндік шеңберінде іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Жоспар бойынша мектеп кітапханашысы Р.Ибрагимова «Чернобль апатына -35 жыл» атты тақырыпта ауыспалы тақта шығарды. Мектеп фойесінде әлемнің жартысына тарау қауіпі бар сәулелі ауруды жоюшыларға яғни ауылдастарымызға алғыс айту мақсатында «Чернобль сарбаздары» атты тақырыпта тақта жасалды. Сынып жетекшілер 26 сәуірде «Чернобль-қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» тақырыбында Чернобль АЭС апатын жоюшыларға арналған біріңғай сынып сағаттарын өткізді.

4-19 сәуір аралығында "Қауіпсіз Интернет" республикалық ақпараттық кампаниясының шеңберінде өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.Жоспар бойынша онлайн түрде сынып жетекшілер сынып сағаттар, шығармашылық жұмыстар, 

байқауы, жиналыстар, кездесулер өткізіп оқушылар және ата-аналармен интернет-ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жұмыстар атқарылуда.. 

12 сәуір «Ғарышкерлер күніне» байланысты «Ю.А.Гагаринның ғарышқа ұшуының 60 жылдығына» орай онлайн іс-шаралар ұйымдастырылды. ХХ ғасырдың 2-ші жартысында адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында білім беру,жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүйюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезімін баулу, ғарыш әлемімен Қазақстан ғарышкерлерімен танысу, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу және ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін дамыту мақсатында,   1-11 сыныптарда сынып, тәрбие сағаттары, сурет және шығармашылық байқауы жұмыстары ұйымдастырылды

08 сәуір № 42-42/1281 және Қазақстан Республикасы Төтенші жағдайлар минисрлігінің «2021 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік   шаралары туралы» №150 бұйрығына сәйкес төмендегі іс-шаралар орындалуда.

 Шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік  шаралары туралы жоспар жасалынып бекітілді.Жоспарға сәйкес балалардың суда шомылу қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Суда шомылу ережелері» атты бұрыш шығарылды. 

       1-4 сыныптар арасында «Шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыпта сынып сағаты, 5-11 сыныптарда "Алғашқы медициналық көмек көрсету" тақырыптары бойынша тәрбие сағаттар, сынып сағаттар, ата - аналар жиналысы, суреттер байқауылары өткiзiлуде. 26-30 сәуір аралығында «Біз болашаққа жауаптымыз» тақырыбында экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығының жоспары жасалып,бекітілді.Жоспар бойынша жұмыстар атқарылып келеді. Бұл апталықта  адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру,экологиялық мәдениетті,салауатты өмір салтын ,өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Іс-шараның міндеттері табиғи ресурстарға қатысты экологиялық сананы ,атап айтқанда сұға ұқыпты қарауға,ауаны ластамауға,жерді ластаудан қорғауға тәрбиелеу болып саналады.Осыған орай «Жер біздің ортақ үйіміз» атты тақырыпта сынып жетекшілер 26 сәуірде 1-11 сыныптарда сынып сағаттарын өткізді. Мектеп кітапханашысы Р.Ибрагимова «Табиғат біздің байлығымыз», «Жер жанаты-Жетысу» атты тақырыптарда кітап көрмесін жасады. «Біздің үйдің жануарлары» тақырыбында 27 сәуірде 1-2 сыныптарда, «Мен табиғатты аялаймын», «Біздің аймақтың табиғатына қамқорлық», «Бұл әлем қандай әдемі» тақырыптарда 3-4 сыныптар арасында суреттер байқауы ұйымдастырылды. «Табиғат аясындағы Мен!» тақырыпта 5-6 сыныптарда мәнерлеп оқ, 7-8 сыныптарда «Табиғат пен үйлесімді өмір сүру» тақырыбына викторина және «Менің сүйікті табиғат бұрышым» фото суреттер байқауы, «Жарық сөнбесін» телекөпірі, «Болашақ энергетикасы», «Жерана тынысы» тақырыптарына рефераттар жазу, 28 сәуірде «Жандану» қалдықтардан жасалған қол өнер бұйымдар байқауы, «Менің жерімнің болашағы» тақырыбында 29 сәуірде жоба байқауы, 29-30 сәуір күндері  апталықтың соңғы күндері «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» аула,көше тазалығы,көгалдандыру жұмыстарымен жалғасады. Ұйымдастырылған іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өткізіледі. 

25 мамыр күні сағат 10.00 да «Сәт сапар,жас түлек»  атты  соңғы қоңырау мерекесі болып өтті.Ұйғыр ауданы білім бөлімінің әдіскері Атагельдиева Панара Тұрлыбековна  келіп, санитарлық эпидемиялогиялық  нормалардың сақталуын бақылап кетті. Мектеп әкімшілігі «Соңғы қоңырау» мерекесін жоғары дәрежеде өткізуге ықпал жасады. Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Мерекеге мектеп ауласы безендіріліп, 11 сынып бітіруші түлектер,сынып жетекшілер, ата-аналар   үшін санитарлық нормаларды сақтай отырып, өз уақытында  өткізілді. Басқа сыныптар үшін яғни 1-10 сыныптар бойынша онлайн сынып сағаты түрінде өткізілді. Қатысқан қонақтар балаларға құттықтау сөздер жолдады.Салтанатты жиында мемлекеттік рәміздердің қолданудың рәсімдері қатаң сақталды. Соңғы қоңырау мектебіміздің үздік оқушылары тарапынан сыңғырлады.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.06.2021 жылғы  08 маусымдағы №364-н  бұйрығына   сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрінің ағымдағы жылғы 12-14 маусымға жоспарланған Қазақстан Республикасының жалпы орта Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің   30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» іс-шарасын өткізу туралы, «Ұйғыр ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 11 маусым 2021 ж №  104-н хатына орай 2021 жылдың 14 маусым  күні сағат   09.00 де  мектеп бітірушілерге жалпы орта білімі туралы аттестат туралы «Тәуелсіздік ұландары» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара жоспары жасалып,бекітілді.Ұйғыр ауданы білім бөлімінің әдіскері Атагельдиева Панара Тұрлыбековна  келіп, санитарлық эпидемиялогиялық  нормалардың сақталуын бақылап нұсқау беріп кетті. Мектеп әкімшілігі іс-шараны жоғары дәрежеде өткізуге ықпал жасады. Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Мерекеге мектеп мәжіліс залы безендіріліп,11 сынып бітіруші түлектер,сынып жетекшілер, ата-аналар   үшін санитарлық нормаларды сақтай отырып, өз уақытында  өткізілді.Қатысқан қонақтар балаларға құттықтау сөздер жолдады. Аттестат тапсыру рәсімінде  мектебіміздің үздік оқушылары марапатталды. Жас түлектердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп әкімшілігі,педагогтер, ата-аналар өкідерінен құрылған кезекші топ құрылып,кешкі сағат 19.00-ден таңғы 06.00 ге дейін рейдтік кесте жасалып бекітілді. Іс-шара соңы мектеп ауласына ағаш отырғызу рәсімімен аяқталды. 









2020-2021 оқу жылындағы «Жас қыран» және «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен -жасөспірімдер ұйымының   атқарған іс- шараларына

МӘЛІМЕТ

       «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының моделі – балалардың қазіргі замандық қоғамда өз орнын табуына, Отаншылдық және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне, еркін шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді.   

         “Жас  Ұлан”  -  өскелең ұрпақты  жоғары  рухани  -  адамгершілік құндылықтар,  демократиялық  ұстанымдарға  негізделген Қазақстандық  патриотизм  рухында  қалыптасқан  ұйым. 

Ұйымның мақсаты:  өскелең  жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық,  біліммен  өзін – өзі  жетілдіруге  деген  құштарлық, беріктік, Отан  тарихына,  Тәуелсіз  Қазақстанның бүгіні мен болашағына  деген жауапкершілікке  тәрбиелеу  

Ұйымның міндеттері: қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық  белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.


Күтілетін нәтиже:

  • Әрбір «Жас Ұландықтан» Отан мүддесі үшін қызмет ететін маңызды қасиеттерді меңгерген, Отанның мүдделерін қорғау жөнінде азаматтық борыш пен міндеттерін орындауға тәрбиеленген, халықтар достығын құрметтейтін, имандылық, адамгершілік, ізгілік, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрпын негізінде білім алған тұлғаның өсіп шығуы:
  • Өз Отанының тарихы мен мәдениетін зерделей алатын, ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қастерлейтін жастардың көбеюі;
  • Оқушылардың мектеп қабырғасында бастап кемел білімге, кенен кәсіпке жақын болуы, сол арқылы Отанымыз –Қазақстанның дамуына, ондағы
  • азаматтық қоғамның тұғырының мығым болуына өз үлесін қосатын шын мәніндегі Отаншыл азаматтардың қалыптасуы;
  • Оқушылар өзін-өзі басқара отырып, елжандылыққа, өнерге, білімге, адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиеленеді;
  • Оқу-тәрбие жұмысының сапалы жүруіне сынып белсенділері өзінің құқы, міндеті, жауапкершілігі арқылы өз үлестерін қосады;
  • Болашақта жан-жақты дамыған, адами құндылықтары бойына қалыптасқан, ел тұтқасын ұстайтын жеке тұлғалар шығады;
  • Ойы, тәні, жаны, ісі әсем тұлға шығады;

         Жыл басында 2020-2021 оқу жылында мектепішілік Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспары 7 бағыт бойынша құрылып, бекітілді.

Жалпы Ұйым жұмысында жүргізілетін басшылыққа алынатын жұмыстар:


- Мектепішілік ар-намыс кодексін, ережелердің орындалуын қадағалау;

- Семинар, конференция, форум, байқау,сайыстарға қатысу;


- Мектептегі, одан тыс мәдени-әдеби, тарихи, әскери-спорттық іс-шараларға қатысу және оларды өткізу;


- Қамқорлық пен қайырымдылық акцияларын жүргізу;


- Жас Қырандармен жұмыс жүргізу, тәрбие шараларға тарту


- Салауатты өмір салтын насихаттау;


- «Мектеп тынысы» газетін насихаттау, жарнамалау, тарату;


- Басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс орнату;


- Мектептегі ақпараттарды сайдқа жариялау;


- Жиналыстар мен отырыстарды  хаттау;


- Ұйым құжаттарына арналған папкалардың жай-күйін қадағалау;


- Ұйымның ары қарай жұмыс істеуіне мүмкіндіктер туғызу және белсенділігін артыру.


 «Жас Ұлан» ұйымының құжаттар папкалары жыл сайын толықтырылып келеді.

           Сондай –ақ, тоқсан сайын әр сынып бойынша ұйым мүшелерінің жалпы есебін жүргізу журналы ашылып, журналға әр сыныпта өтілмей қалған оқушылар, басқа мектепке ауысқан оқушылар мен басқа мектептен келген оқушылар мәліметі тіркеліп отыр.

2020-2021 оқу жылында Ұйымның негізгі мақсаты  оқушылардың   қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал басты міндеттері оқушылардың тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру және  мектеп оқушыларының  әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру. Олар – өз  білімімен ерекшеленген оқу озаттары, екпінділер, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары. Ұйымға қабылданған оқушыларға өз логотипі бейнеленген көгілдір түсті  галстугі мен төс белгісі тағылады. 

Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру, әрбір азаматтың   мемлекетімізге, оның даңқты да, қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады.  Бұл міндеттің маңыздылығын Елбасы нақты пайымдап, «...Бұл міндет білім берудің, мәдениет орындарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. «Қазақстан – менің  Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды 

            Сонымен қатар ұйымның жоспарына сай «Әке ұлағаты, аналар өсиеті» ата-аналар арасында пікірлесу онлайн платформасы бойынша ұйымдастырылды. Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды насихаттау. Бұл кешке «Әкелер» қозғалыс ұйымы мен «Аналар» мектебі төрайымдары мен төрағалары қатысты. Кеште әкелер мен аналар арасында ой қозғау, тренингттер, видеороликтер, ситуациялық сұрақтар беріліп, пікірлері тыңдалды.

«М.Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оқушылардың үйірме сабақтарында оқу - танымдық негіздерін меңгеруі  

2020-2021 оқу жылына анықтама 

    2020-2021 оқу жылына 22 сағат үйірме бөлінген.  Үйірме сағаттарының сабақ кестесі директордың мөрімен бекітілген. Жылдық жоспарлары барлық мұғалімдерде жасалған, оқушылардан өтініш алынып, тізімдері мектеп директорымен бекітілді. 233 оқушы үйірме жұмыстарына қатысады.Оқушылармен жұмыс істеу барысында оқушының қабілетіне қарай сабақта тапсырмаларды орындаудағы ерекшілігі мен алғырлығы, оқу мәнері, ізденімпаздылығын бақылап отырды. Сабақ барысында оқушылар сабаққа белсене, топпен жұмысты жасай отырып, уйірмеге деген қызығушылықтары артты Мектепте үйірме сағаттары өткізетін мұғалімдер мен үйірме аттары 

Мұғалімнің

 аты-жөні

Үйірменің атауы

1в 

11в

11г

1

Остапенко А.И.

"Занимательная грамматика"




1














2

Закирова Г.М.

«Умелые ручки»









1









3

Туниязова Г

«Көңүллүк һесаплар алимидә»





1













4

Тудахунова З

«Сехирлиқ санлар»






1












5

Азнабакиева Э.А

"Занимательная математика"










1








6

Азиева Э

«Солнышко»







1











7

Наметова А.К

«Любимое чтение»

1

















8

Мухтарова.З.Ж

«В мире формула»
















1


9

Мухтарова.З.Ж

«Классная физика»

















1

10

Омарова М.М

«Занимательная математика  »











1







11

Надирова Р

«Занимательная математика  »



1















13

Абдуллаев А

«Веселые нотки»














1




14

Абдуллаев А

«Мир музыки»















1



15

Насирдинова С

«Ғунчә»


1
















16

Насирдинова С

«Весёлые нотки»








1










17

Насирдинова С

«Капельки»









1









18

Худжаева Х

Математикаға саяхат

1

















19

Давутова И

« Мы за ЗОЖ!»












1






20

Давутова И

« Мы за ЗОЖ!»













1





21

Ибрагимова А

АКТ



1















22

Ибрагимова А

АКТ




1















        Үйірме жұмыстарының нәтижесіне келсек: Үйірме жұмыстары бойынша 80% бастауыш сыныптар ұйымдастырылған, пән мұғалімдері онлайн платформасы бойынша әртүрлі іс-шараларды мереке сайын, түрлі жарыстарды оқушылар мектепішілік өтетін жарыстардан жүлделі орындарға ие болып жүр. 

Келесі оқу жылында үйірме сағаттарының бөлінуін қатаң қадағалауға алынса. Үйірме сағаттарының саны болғаннан кейін, сапасы да болу керек, спорттық салаға көңіл аударылсы, үйірме сағаттары арқылы оқушылардың оқу-танымдық негіздерін дамыту басты мақсат балып есептелу керек деп   ойлаймын.







Педагог- ұйымдастырушы                                     Турсунов Д.Тzhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx [1,42 Mb] (cкачиваний: 8)
Посмотреть онлайн файл: zhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx zhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx [1,42 Mb] (cкачиваний: 8)
Посмотреть онлайн файл: zhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx zhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx [1,42 Mb] (cкачиваний: 8)
Посмотреть онлайн файл: zhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx zhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx [1,42 Mb] (cкачиваний: 8)
Посмотреть онлайн файл: zhyldy-esep-2020-2021-dastan.docx

Похожие публикации:

11 январь 2021 "Қысқы ғажайып"
28 август 2020 "Мектепке жол"