25 қазан - Республика күні » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
октябрь
2022

25 қазан - Республика күні

Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке

Бүгінгі күнге дейін 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні, егемендігімізді алған күн ретінде тойланып келді. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсізді калған күн мен Республика күнінің ара-жігін ажыратып, 25-қазанды «Республика күні», ұлттық мереке ретінде бекітті. Нақтырақ айтқанда, 13 жылдан кейін бұл мереке алғаш рет тойланып отыр. Осыған орай   «М.Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сай 21.10.2022 жылы сағат 10.00 де «Патриотизм дауысы» мемлекеттік гимнді жаппай орындау іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға барлық оқушылар, мұғалімдер, мектеп ұжымы қатысып патриоттық рухта еліміздің гимнін орындады. 1-11 сыныптарында сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға мадамақталар берілді.


Бүгін үлкен мереке құтты болсын,
 Республика күні бұл келіп жеткен.
 Егеменді еліміз жасай берсін,
 Әрбір күні шаттықты нұрлы еткен.


13 жылдан кейін оралған Республика күні бәрімізге құтты болсын!