мектеп асханасының келісім шарты » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » мектеп асханасының келісім шарты
06
январь
2023

мектеп асханасының келісім шарты

Қызмет көрсету туралы шарт №№120640013413/220141/00 2022-04-13 Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын "Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, ереже № 211-1907-10-ГУ от 19.06.2012 ж атынан Басшысы Аширов Адилжан Мутлахунович бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ИП Рахметжанова Х., ЖК негізінде әрекет ететін Басшысы Рахметжанова Хурнисахан Усеновна екінші тараптан, көрсетілетін қызметтіі таңдау жөніндегі Мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары жайлы хаттама конкурстың қорытындылары туралы 2022-04-05 жылы жасалған хаттама негізінде қызмет көрсету туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді: 1 Шарттың мәні 1.1 Өнім беруші Қызметті оның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмада көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және бағалар бойынша көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметті қабылдауға және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда осы Шарттың талаптарында ол үшін ақы төлеуге міндеттенеді: ерекшелігі бойынша 082-015-163 "АОББ Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" ММ 5- бес мектебінде оқушыларының аз қамтылған отбасыларының балалары үшін жалпыға міндетті оқу қорынан ыстық тамақ ұйымдастыру бойынша қызметтерұйымдастыру бойынша қызметтер; 1.2 Төменде келтірілген құжаттар мен онда айтылған шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда: 1) осы Шарт; 2) техникалық тапсырма; 3) Шартты орындауды қамтамасыз ету. 1.3 Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады: 1) «Дүлей күш (Форс-мажор)» – төтенше және тойтаруға болмайтын оқиғалар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Мұндай оқиғаларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың нарықта болмауы жатпайды; 2) «Көрсетілетін қызмет» – өндіріс процесін және тауарлар мен аспаздық өнімдерді өндіруді қосқанда, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұсыну; 3) «Тапсырыс беруші» – орган немесе орта білім беру ұйымы; 4) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін жеке тұлға немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда); 5) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында жасалған, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей. барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт; 6) «Шарттың бағасы» – Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төлейтін сома. Тараптар осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда, егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса, жауапкершілік алмайды. 2 Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары 2.1 Шарттың жалпы сомасы 9 824 700.00 (тоғыз миллион сегіз жүз жиырма төрт мың жеті жүз тенге нөл тиын) теңгені құрайды және қызметтерді көрсетумен байланысты барлық шығыстарды, ҚҚС-сыз (бұдан әрі – Шарттың сомасы). 2.2 Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт «Бағдарламаның коды мен атауы» бюджеттік бағдарламасы, «Кіші бағдарламаның коды мен атауы» кіші бағдарламасы, «Ерекшелік коды мен атауы» - Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт 082 Мемлекеттік бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында жалпы білім беру бюджеттік бағдарламасы, 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кіші бағдарламасы, 163 Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары ерекшелігі бойынша - 9 824 700.00 (тоғыз миллион сегіз жүз жиырма төрт мың жеті жүз тенге нөл тиын) ҚҚС есепке алмағанда 2022 жылы тіркеуге жатады. теңге ерекшелігі бойынша , «оның ішінде ҚҚС» «ҚҚС сомасы» теңге/ «ҚҚС есепке алмағанда» 2022 тіркеуге жатады. 2.3 Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару «төлем шарты» арқылы жүргізеді. Қызмет көрсету актісінің нысанын Өнім беруші Тапсырыс берушімен алдын ала келіседі. 2.4 Көрсетілетін қызметтердің көлемі сандық және құндық мәнде техникалық тапсырмада айтылған. 3 Тараптардың міндеттемелері 3.1 Өнім беруші: 1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісті орындалуын қамтамасыз етуге; 2) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттамада, техникалық тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге; 3) Шарттың талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуі тиіс; 4) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға; 5) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға; Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей. 6) Өнім берушінің Шарт талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз әрекеттерден туындаған өзіне келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге; 7) көрсетілген қызметтер актісін ресімдеуге және Тапсырыс берушіге жіберуге; 8) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шотфактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазып беруге міндеттенеді. 3.2 Өнім беруші Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін төлемді талап етуге құқылы. 3.3 Тапсырыс беруші: 1) қызметтер көрсету үшін Өнім беруші мамандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге; 2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздіктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға; 3) қызметті қабылдау кезінде Көрсетілген қызмет актісіне қол қоюға не оның қабылданбауының дәлелді негіздемелерін көрсете отырып қабылдаудан бас тартуға; 4) көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға; 5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді. 3.4 Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтердің сапасын тексеруге құқылы. 4 Қызметтердің техникалық тапсырмаға, конкурстық өтінімге сәйкестігін тексеру 4.1 Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкестігі мәніне бақылау және тексеру жүргізе алады. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өздерінің өкілдері туралы уақтылы жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. 4.2 Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін Қызметтер техникалық тапсырмада, конкурстық өтінімде көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе одан жоғары болуы тиіс. 4.3 Егер тексеру кезінде көрсетілген қызметтердің нәтижелері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші тексеру сәтінен бастап 3 күн ішінде ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз конкурстық құжаттама талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралар қабылдайды. 4.4 Жоғарыда көрсетілген бірде-бір тармақ Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды. 5 Қызметтер көрсету 5.1 Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шартта көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады. Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей. 5.2 Қызмет Өнім беруші техникалық тапсырмада көрсетілген талаптарға дәл сәйкес келетін қызметті Тапсырыс берушіге толық тапсырған жағдайда көрсетілген болып есептеледі. 6 Кепілдік 6.1 Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы қызмет көрсетудің қамтамасыз етілуіне кепілдік береді. 6.2 Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талаптар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті, содан кейін Өнім беруші Тапсырыс беруші хабарламада белгілеген мерзімде осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, кемшіліктерді өз есебінен жою жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. 7 Тараптардың жауапкершілігі 7.1 Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі. 7.2 . Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында секвестрлеу және/немесе ақша жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта көрсетілген мерзімде оған тиесілі қаражатты төлемесе, онда Тапсырыс беруші Өнім берушіге кешіктірілген әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1% (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-ынан аспауы тиіс. 7.3 Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. 7.4 Өнім беруші Шарт бойынша қызмет көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан астам мерзімге қызмет көрсетуден бас тартқан немесе қызмет көрсету мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу мерзімінен кешіктірмей, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. 7.5 Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды. 7.6 Өнім беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін біреуге толық не ішінара бермеуі тиіс. 7.7 Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды. 7.8 Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес қағаз тасығыштағы құжатпен бірдей. 7.9 Өнім беруші қызметтерді сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші Жосықсыз өнім берушілердің тізбесін қа

Похожие публикации:

09 сентябрь 2022 Келісім шартты