2019-2020 оқу жылы аралығында педагог-психологтардың жүргізілген жұмыстардың жазбаша есебі » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019-2020 оқу жылы аралығында педагог-психологтардың жүргізілген жұмыстардың жазбаша есебі
25
май
2020

2019-2020 оқу жылы аралығында педагог-психологтардың жүргізілген жұмыстардың жазбаша есебі

«М.Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологтарының 2019-2020 оқу жылы аралығында жүргізілген жұмыстардың жазбаша есебі


Қыркүйек айында –  1-11 сынып оқушыларының психо-диагностикалық картасы жасалды. 1-11 сынып арасында барлық оқушылардың жеке құжатында орналасқан. «Сенім жәшігі» ұйымдастырылды.  5 сынып оқушылар арасында орта буынға бейімделуді дамытуға арналған ойындар жүргізілді. Үйде оқитын оқушылардың үйлеріне барып, ата-аналарымен сұхбат жүргізілді. Жоспар бойынша «Тәуекел топқа» жататын оқушылар анықталып, тізімін алып мәліметтерін толықтыру, жаңадан келген оқушыларды зерттеу жүргізілді. Олардың саны 6-11 ұйғыр-орыс сыныптар арасында 24 оқушы.  2-4 сыныптар арасында жеке тұлға барлық оқушылармен қалай араласатындығын анықтау үшін «Социометрия» тесті алынды. 1 «А», «Ә» сынып оқушыларының мектепке дайындық деңгейін анықтау үшін К.Йерасек тесті алынды. 5-11 сынып оқушыларынан диагностикалау, қарым – қатынас деңгейін анықтау психологиялық эмоционалды көңіл-күйін, темпераменті анықталды.

 10 қыркүйек өзіне-өзі қол жұмсауға қарсы күніне орай мектебімізде 18-25 қыркүйек аралығында «Мен өмірді сүйемін атты» акция өткізілді. Акция  5-11 сынып оқушылар арасында жүргізілді. 6-7 сынып оқушылар арасында «Өмір тамаша!» «Өмір мен саған ғашықпын» тақырыбында суреттік байқау өткізілді. Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында Өмір жайлы ауызша журнал (интервью) алынды. «Суицидтің алдын алу» мұғалімдер арасында психологиялық жаттығулар, 8-11 сынып оқушыларына психологиялық фильм көрсетілді. «Мен бақыттымын» фото конкурс, «Өмір мен саған ғашықпын» тақырыбына оқушылар шығарма жазды. Оған 10 оқушы қатысып 3 орынды Аркенова Рамина, 2 орынды Иминова Аидәм, 1 орынды Тохтахунова Назугум иеленді.

        Акцияға барлық (5-11 сынып) оқушылар қатысып, 1,2,3 орындарды алып, приздар, мадақтамалармен марапатталды. Акциянық жабылуы ән, би өлеңдер, мерекелік іс-шаралармен барлық оқушы, мұғалімдер қатысып аяқталды. 

1в,б,г- сыныптарында   суреттік тесттер  толтырылып, диагностикалық баллдары қойылып ,  2в,г сыныптарының диагностикалық  картасы  толтырылып   жеке  папкаларына  салынды.   1-в,г,б  сыныптарынан  К.Ирасектің тесті алынды. Тест қортындысы  бойынша   1б –сыныбынан Курбанбаева.Г, Мирзахметов.Р ,1в-сыныбынан  Алануров.И, Махаметжанов.Ш, 1г- сыныбынан   Рустамжанов.М, Султанмуратов. Ш   төмен  баллдарға  ие болды. 1в,б,г- сыныптарынан «Менің сыныбым» суреттік  тест алынды. 1б- сыныбынан  Султанов .Д,  Таиров .Ж,   1г-сыныбынан Турганжанов. С,Тохтахунов. Ж, 1в-сыныбынан  Алануров.И, Ташполатов .И  ойынға   бейімделсе, Еркинжанова   С,Мухпулова Ш  жалғыз сезінетіндігін бейнеленген .Тестің қортындысы сынып-жетекшілеріне таныстырылып , ескертілді.                                               


Қазан айында – 0-1 сынып оқушыларынан «Жануарлар мектебі» әдістемесі алынды. Сабақтан көп себепсіз қалатын, тәртіп бұзатын оқушылардың үйлеріне барып ата-аналарымен сұхбат жүргізілді. Олар 9 «Ә» сынып оқушылары Аширов Имин, Смолинов Арманжан, 11 «А» сынып оқушысы Иминов Шатлиқ, 8 «А» сынып оқушысы Марисов Эльфраттың үйлеріне барып не үшін мектепке келмейтіндігін анықтау үшін ата-аналарымен сұхбат жүргізілді. 3 – 4 сынып оқушыларынан «Менің отбасым» суреттік тест, ойлау қабілетін диагностикалау үшін «Бір уақытта не болуы қажет» (Т.Марциновс), «Түймедақ» әдістемесі алынды.  Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу бағдарламаға қатысатын оқушылардан сауалнама, «Филлипс», «Айзенкпсихологиялық күйді анықтау» тесттері 5-11 сыныптар арасында алынды. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін  «Өз құқығыңды білесің бе?»тақырыбында жасырын сауалнамасы алынды.

«Тәуекел топқа» жататын ерекше назардағы оқушылардан «Менің отбасым» тақырыбына сурет жасады. Үйден оқитын оқушылардың үйлеріне барып ата-аналарымен ағарту жұмыстары жүргізілді. Үйде оқитын оқушылар: Хамраев Алияр, Авутов Раим, Тұйғунұлы Мирас. Диагностика қорытындысы бойынша оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілді. Барлық 5-11 сынып оқушыларынан «Социометрия» алынып, оқшауланған балалармен жұмыс жүргізіліп,  сынып жетекшелеріне ескертілді. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту үшін «Мен бірінші», «Жүрек», «Мейрімділік», «Біз біргеміз», «Тыныштық» атты психологиялық жаттығулар жүргізілді. Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңестер берілді. 5 сынып оқушыларының ата-аналарына және сынып жетекшелеріне орта буынға психологиялық бейімделу деңгейін анықтау қорытындысы бойынша кеңестер берілді. 

Мектепішілік   8 -11 сыныптар арасында «Мектеп жасынан ерте жүктіліктің алдын-алу» атты  қыздар жиыны  өткізілді. Жиында мектеп директоры  Ибрагимова. Х ,ТІЖО  Авутова, психолог Айнабекова.А, медбике Джаламова.Г  әр-түрлі тақырыптарды  ашып,қатысқан   қонақтар  ата-ана комитеті Турсунова.Г,Сидикова.Б ,Авутова.Г, әкімшілік Баудинова.Ш қатысып өз пікірлерін ашып айтты .Педагог -психолог  Айнабекова. А  «Өмір неткен ғажайып» атты бейнефильм  көрсетіліп , қыздар өз ойларымен бөлісті. 



Қараша айында – үнемі оқушылардың сабаққа қатысуын қабағаладық. 3 сынып оқушыларынан Танымдық деңгін анықтау, ШТУР тесті алынды. «НСВ - 10» әдістемесі,  Г.Айзенктің жеке тұлғаның психологиялық өзін-өзі бағалауын диагностикалау үшін 7 – 10 сынып арасында алынды. «Тәуекелтопқа» жататын оқушылар, ерекше назардағы жанұя, инклюзив топ оқушыларымен «Кактус»әдістемесі алынды. Ата-аналар жиналысында «Тату отбасы бақытты балалар Мемлекетіміздің гүлденуінің сенімді іргетасы» тақырыбында баяндама оқылды. Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ атты апталық өткізіліп, 7-11 сынып оқушыларынан жасырын сауалнама алынды. 1,5,10 сынып бейімделу кезеңі болғандықтан «Менің отбасым»«Филлипс», «Жануарлар мектебі», «М.Фергюсон» тестілері алынды. Мұғалімдердің сұраныстары бойынша жеке балалармен ағартушылық жұмыстар жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек, сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңестер берілді. 9 сынып оқушыларынан «Мамандықтар әлемінде» психологиялық жаттығу жүргізілді. Айына бір рет «Тәуекел топқа» жататын оқушылармен коррекциялық жұмыс қалыптастыру, психологиялық жаттығулар жүргізілді.  Тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес, оқушыларға кәсіп таңдау мәселесі бойынша кеңестер, тәрбиесінде қиындық туғызатын оқушылармен және олардың ата-аналарымен кеңес, әңгіме, сұхбаттар жүргізілді. 

Мектепке дейінгі 0в,г - даярлық тобынан  суреттік тест алынды . 0в –сыныбынан Махамет    Амаль  4- баллга ие болды , қалған оқушылар өте жақсы бейнелеген.   Айзенк  психологиялық күйді анықтау тесті  алынды.  Алынған   сыныптар  5г,6г,7в,г ,  9в,г-сыныптарынан алынды. Тестің қортындысы  бойынша  барлық    сыныптарда  қортындысы  жақсы   көрсеткішті  көрсетті.  9в,г-сыныптарынан  Д.Ж. Голланд оқушылардың тұлғалардың  тиіптерін    анықтау  тесті алынды. Тестің  қортындысы   жақсы  көрсеткіштерді  көрсетті. Оқушылардың бір қатары оқуға  баратыны , ата-анасының  колледжге    түсуіне  жол  көрсеткені   белгіленген.






Желтоқсан айының басталуымен ЖҚТБға қарсы қыз-ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында «ЖҚТБ және АҚТҚ дегеніміз не?» тақырыбында баяндама оқылды. 1-4 сынып оқушыларынан«Менің отбасым»суреттік тесті, танымдық деңгейін анықтау үшін тесттер алынды. Тәуекел топпен «Өмірде жоқ жануар» әдістемесі алынды. Мектептегі мазасыздықты анықтауға бағытталғын тесттердің ішінде «Филлипс» тесті 

7-9 сыныптар арасында алынды. 4 сыныптармен «Біз ұйымшыл сыныппыз» атты психологиялық жаттығу жүргізілді. «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар» атты тақырыпқа ұлдармен жиналыс өткізілді. 9-11 сыныптармен Өмір ағымына қарай таңдау жаса атты психологиялық жаттығу жүргізілсе мектеп мұғалімдерімен «Бірлігі жарасқан ұжым» атты психологиялық жаттығу жүргізілді. 6-7 сынып оқушыларынан тұлғалық қарым-қатынасты дамытуға және өзіндік бағаны көтеруге арналған жаттығулар жүргізілді. Желтоқсан айдың  соңында үйде оқитын оқушыларды мектепішілік шыршағы қатыстырылды. Сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңес, тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес, оқушыларға кәсіп таңдау мәселесі бойынша, тәрбиесінде қиындық туғызатын оқушылармен және олардың ата-аналарымен кеңестер, әңгіме сұхбаттар жүргізілді.


9ә-сыныбының  сынып –жетекшісі Г.Аппазованың  шағымымен   қыздар арасында  өз-ара  сұхбаттасып , кеңестер жүргізілді. 9а-сыныбының  сынып жетекшісі   Г.Байсалбаеваның   шағымымен   қыздар  арасында  сұхбаттасып, кеңестер жүргізілді .


7 в,г  -сыныптарынан   Г.Айзенк жеке тұлғаның өзін-өзі   бағалаудың диагностикасы   жүргізілді.  5 г- сынып  оқушыларынан «Менің отбасым» -атты суреттік  тест алынды. «Өмірде жоқ жануарлар»- суреттік  тестінде  бейнеледі.      8 в,г –сыныптарынан Г.Айзенк  жеке тұлғаны анықтау  тесті алынды .  9- сыныптармен  «Мамандықтар»- әлемінде психологиялық жаттығу  жүргізілді .Сенім жәшігіне  түскен   хаттар  талқыланды.Мектепішілік  дау-дамайлар   қарастырылып  талқыланды. Үлгерімі  төмен  оқушылардың   тізімі анықталды.Алынған   тестің  қортындысы бойынша    сынып-жетекшілерге  түсінік   берілді.


Қаңтар айында – жаңа жылдың, жаңа оқудың басталуымен каникулдан кейін оқушылардың сабаққа қатысуын қадағаладық. 3-4 сыныптар «Мектеп мотивациясы сауалнамасы» әдістемесі (Г.Лусканова) алынды. 3 «А» сыныпта 4 оқушы 2-3 үш пәнді онша ұнамайтынын көрсетсе 3 «Ә» сынып оқушыларының екеуі онша ұнамайтынын әдіс арқылы көрсетіп, қалған барлық оқушылар барлық пән ұнайды деп көрсетті. 4 «А», «Ә» сынып оқушылары барлық мұғалімдерді ұнайтынын сауалнама, әдіс арқылы көрсетті. 2 сыныптар арасында  «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі алынып, интерпретация жасалынды. 8-9 сынып оқушылар арасында жеке тұлғаны геометриялық фигуралар арқылы зерттеу тесті алынды. 7-8 сыныптар арасында «Басса Дарки» әдісі алынды. Жас мамандармен Ұстаздық еткен жалықпас атты дөңгек үстел жүргізілді. «Тәуекел топқа» жататын оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап, зиянды заттардан аулақ болуын қадағаладық. 2-сынып оқушыларынан «Ақ бидай ертегісі» атты коррекциялық сабақтар жүргізілді. 11 сынып оқушылар арасында «Мен қалаймын, қолымнан келеді, жасаймын» психологиялық жаттығулар жүргізілді.  9-10 сыныптар арасында оқушылардың өзіне сенімділік сезімін қалыптастыруға бағытталғын жаттығулар жүргізілді. Сынып жетекшілергі зерттеу нәтижелері бойынша кеңес, тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес, оқушыларға кәсіп таңдау мәселесі бойынша, тәрбиесінде қиындық туғызатын оқушылармен және олардың ата-аналарымен кеңес, әңгіме, сұхбаттар жүргізілді.

9в,г- сыныптарынан Г.Айзенк жеке тұлғаны психологиялық өзін-өзі бағалау  тестін алынды.   10в,г-сыныптар арасында  Г.Айзенк   тесті алынды.  4-г сыныбынан «Менің  отбасым» -атты  суреттік   тест  алынды, сонымен қатар « Менің  арманым»- психологиялық  тестке   сурет  салынды.9- сыныптар  арасында Филлипстің  мектептегі   мазасыздықты  анықтауға  арналған тесті  алынды.Алынған  тестке   қортынды  жасалып , сынып-жетекшілерге  ескертілді.(9-20 желтоқсан  аралығында психологиялық  курс   оқыдым).  

Ақпан айында – мектеп ұжымымен «Мұғалім мектептің жүрегі» атты сауалнама алынды. Үнемі оқушылардың сабаққа қатысуын қадағаладық. 1-4 сынып оқушыларынан логикалық ойлау элементтерін дамыту үшін А.Зак әдістемесі алынды. 9 сынып оқушыларынан А.Э.Голомштоктың «Танымдық қызығушылық диагностикасы»  тесті алынды. «Тәуекел топқа» жататын оқушылармен «Мафия» ойыны жүргізілді. Сенім жәшігіне түскен хаттармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілді. Сабақты көп және себепсіз тастайтын  оқушылардың үйлеріне оқу ісі жөніндегі орынбасарлармен үйлеріне барып, себептеріні біліп, әңгімелесіп, сұхбаттар шүргізілді. Үйде оқитын оқушылардың үйлеріне барып, ағарту жұмыстары жүргізіліп, сұхбаттар жүргізілді. 8-11 сынып ұлдар арасында «Қазіргі заман ұлдары» атты тақырыпқа пікір талас әңгімелер жүргізілді. 9 сынып оқушыларымен «Мамандықтар аукционы» оқушылары мен ата-аналарға кәсіптік бағдар беру мақсатында әр түрлі мамандық иелерімен кездесу өткізілді. 9-10 сынып оқушылар арасында Мамандықтар әлемінде   психологиялық жаттығулар жүргізілді.   «Мен және менің болашағым»,«Қауыпсыз ғаламтор» тақырыбында барлық оқушыларға тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен жиналыстар өткізілді. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына, сұраныс бойынша жеке және топтық, 

11 сынып оқушыларының ҰБТ психологиялық дайындығы бойынша пән мұғалімдеріне кеңес, әңгіме, сұхбаттар жүргізілді. 

2-в,г –сыныптарынан  «Мектеп  танымдылығын»   анықтау  пәндерге  қызығушылығын байқау  тесті   алынды. 6в,г- сыныптарынан «Менің    отбасым» -атты  суреттік  тест   алынды.5г- сыныптарының қыздар мен ұлдар   арасындағы  дау- дамайға  кеңестер   берілді .6г- сыныптарының   ұлдарының   қыздарға  тиісуіне байланысты кеңестер  берілді.6в,г- сыныптар  арасында «Өмірде жоқ  жануарлар»-психологиялық  тест   алынды.9- сыныптар  арасында жеке тұлғаны  геометриялық  фигура   арқылы зерттелді.ҰбТ-ға   қатысатын  оқушылардан темпераменті зерттеліп, Өзін-өзі   бағалау, дүниеде жоқ  жануарлар суреті, стреске байланысты тесттер   алынды. Сенім жәшігіне  түскен  хаттарға   кеңестер   берілді .Оқушылар мен  топтық жұмыстар  жүргізілді. Мұғалімдер арасында  жеке   тұлға  өз бетімен кірген қызметкерлерге  психологиялық  кеңестер   берілді.7в,г- сыныптар   арасында « Менің  отбасым»  және   «Өмірде  жоқ жауарлар»  психологиялық   тесттер  алынды. Алынған  тесттерге қортынды  жасалды.


      Наурыз айында – сабақтарға қатыстым. 8-9 сынып оқушыларының сабақтарына қатысып оқушылардық сабақта қалай ұстайтынын бақыладым. 10 сынып оқушыларынан К.Томастың тесті «Жас өспірімдің тартыс жағдайында жүріс тұрысы» әдістемесі алынды.  8 наурыз Халықара әйелдер күніне орай мектеп ұлдарымен ұстаздарға, ата-ана, қыздарған арнап концерт ұйымдастырылды. Оған 8-11 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 1-2 сынып оқушыларының ата-аналарына алынған «К.Йерасик»«Менің сыныбым», «10 сөзді жаттау 10 сан» әдістеме, тесттердің нәтижесі бойынша таныстырылды.  Аудандық  профосмотр   нәтижесінен 1  «Ә» сынып оқушыларынан Пархатова Бахаргуль, Смолинова Дилхумар есте сақтау қабілеті төмен екендігі айтылды. Сол себептен ол оқушылармен психологиялық тренинг, тест, жаттығулар алында. Мемлекеттік емтихандарға қатысатын оқушылармен психологиялық тренинг, жаттығуларды өткізу «Айзенк тесті» алында барлық оқушылар орта баллды көрсетті. Есте сақтау қабілетін дамыту, ойлану, ойын және психологиялық жаттығулар 3-4 сынып оқушыларымен жүргізілді. Олармен «Танымдық деңгейін анықтау», «Социометрия»,  «Менің сыныбым» атты  әдістеме, тесттер алынды. 9 сынып арасында оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау және сабақтастық мақсатында «Қызығушылық картасы» сауалнамасы алынды. 11 сынып оқушыларымен Е.Роговтың «Мен кіммін?» тренингі алынды. Мектепішілік есепте туратын оқушыларынан «Мафия» психологиялық тренингі жүргізілді.    Педагогтар сұраныстары бойынша психологиялық қызмет көрсетілді. Мектепішілік есепте туратын оқушыларының ата-аналарымен сұхбат жүргізіліп, кеңес берілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                


      Сәуір айында – мемлекетік емтиханға қатысатын оқушылармен психологиялық тренинг «Менің кім болғым  келеді?»  атты сабақ өткізілді.  

Сондай-ақ 11 «А» сынып оқушыларының типтік темпераменті анықталып, Ахмуллаева Розигуль, Мундашева Мадина, Нариманова Ғунчәм, Садвакасов Сәйдәкрәм  сангвиник қалған оқушылар флегматик типін көрсетті.  9-11 сынып оқушыларынан «Сіздің мінезіңіз қандай?» видеоролик арқылы тесті алынды.  5-6 сынып оқушыларымен көңіл-күйін анықтау мақсатында «Орын алмастыру», «Өз жұпықды тап» видеоролик арқылы жаттығулары өткізілді, 5 «А», «Ә» сынып оқушыларнан «Сөздер қатарын есте сақтау» әдістемесі алынды. Жекелеп үйде оқитын сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушыларды мед.тексеруден өткізу сотка арқылы ОПМПКдан өтті.  Үйлеріне барып ата-аналарымен сұхбат жүргізілді. Мемлекеттік емтихандарға қатысатын оқушыларынан «Айзенк»,  «Мюнстенбергтің» тесті алынды.       9 сыныптар арасында  5 оқушы 0-7 балл аралығында,  ал 3 оқушы 8-15  аралығында ұпайларды көрсетті. 11 «А» сынып оқушылар арасында 1 оқушы ғана 8-15 ұпайды көрсетіп, қалған барлық оқушылар 0-7 ұпайды көрсетті. «Алдымызда  5ші сынып»   4 «А», «Ә» сынып оқушыларымен сабақтастық мақсатында үлкен ойын жүргізілді.  

    9-11 сынып оқушыларынан Ильиндің Теппинг тесті алынды. 3 сынып оқушылардың  логикалық ойлау қабілетін анықтау мақсатында «Ұғымдарды салыстыру»  әдіс, жаттығулар жүргізілді. «Қауыпсыз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының шеңберінде «Балаңызды әлеуметтік желіге тәуелді етпеңіз»  тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізіліп оқушылардың керек емес, оқуға, өмірге кедергі болатын сайттарға кірмеуін, өз балаларын қадағалауын сондай-ақ күнде ұялы телефондарын тексеріп туратындығы туралы айтылды.  5 сынып жетекшісі және де пән мұғалімдерге, емтиханға қатысатын оқушыларға , әр түрлі жағдайларда оқушыларға топтық және жеке кеңестер берілді. 

4 в,г –сыныптарынан «Өмірде жоқ жануарлар», социометрия алынды.  3в,г   -сыныптарынан «Менің отбасым» суреттік тест алынды . Алынған тесттерге қортынды жасалды. Сынып-жетекшілерге таныстырылып , ескертілді. 3-сыныптармен «Бәріміз бірге»  психологиялық жаттығу жасалды.  ҰБТ-ға қатысатын оқушылар мен психологиялық  кеңестер жүргізілді . Әр-түрлі мәселелерге байланысты  ұл-қыздармен жеке топтық кеңестер берілді. Сенім жәшігіне түскен хаттарды тіркеп, олар мен жұмыс жасалды.

Мамыр айында -  1 сынып оқушының мектептегі психологиялық көңіл-күйін өзіндік сезінуін анықтау үшін сауалнама алынды. Мектеп бітіруші түлектердің емтихан кезіндегі келеңсіздіктердің алдын алуға байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. ҰБТ «Қорқынышты қажеттілік» деп қарамай жаңа қызықты өмір кезеңінің басталуы деп қабылдау (тренинг өткізу) «Өмір сүрудің өзі керемет», «Алдымызда 5 - сынып» 4 сынып оқушылармен сабақтастық мақсатында, ойын, видеороликтерді жіберу. Сұраныс бойынша жеке кеңстер берілді. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына кеңес беру. Психологиялық қызыметтің жылдық жұмыс есебін даярлау. 

Онлайн оқуына байланысты оқушылар мен ата-аналарға  видио, тренингтар ойындар жіберіліп отырылды.

Ата-аналарға арналған 14- кеңес, техника қауіпсіздігі, оқушыларға арналған тренингтар  жіберілді.

ҰБТ-ға  қатысатын оқушыларға арнайы видио, тренингтар, кеңестер жіберіліп  отырды.