Педагог-психологтардың 2021-2022 оқу жылының жұмыс есебі » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог-психологтардың 2021-2022 оқу жылының жұмыс есебі
31
март
2022

Педагог-психологтардың 2021-2022 оқу жылының жұмыс есебі

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М. Хамраев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог - психолог А. Б Айнабекованың 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айыннан науырыз айына дейін атқарылған жұмыс есебі


Бүгінгі күндегі бала, мазмұны мен әлеуметтану тенденциясы бойынша күрделі әлемде өмір сүреді. 

                   Психологиялық қызметтің қойған  проблемасы: «Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ынтымақтастық ойлау қабілетін дамыту». 

         Психологиялық жұмыстың мақсаты: «Педагогтардың білім беру әдістерін, оқушылардың таным процестерін, жеке  адамдық қасиеттерін ерекшеліктерін және қабілеттерін анықтаумен, қолдану». 

Міндеті: 

Оқу–тәрбие үрдісінде жан–жақты психологиялық көмек көрсету 

Педагогикалық босаңсыған балаларды түзету және алдын–алу 

Кәсіпке бағыттау кезеңінде өз мамандығын таңдауға психологиялық көмек көрсету. 

Бұл түйінді мәселелерді шешу үшін 2021 - 2022 оқу жылында «М. Хамраев орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мына төменгі жұмыстар атқарылды. 

Педагог-психологтардың жылдық жоспары жасаланып бекіттірілді. 1-қыркүйек күні білім күніне байланысты ашық тәрбие сағаттарына қатысып, жазғы демалыстан кейін оқушылардың көңіл күйлерімен танысып шықтық.   

Қыркүйек күндер аралығында 1-ші   сынып оқушыларына балалардың оқуға көз қарасын, дайындығын анықтау мақсатында психологиялық карта толтырылынып «1 сынып оқушыларының мектепке дайындық денгейін анықтау К. Йерасек» тесті, «Менің сыныбым» атты әдістемелер алынып сынып жетекшілеріне 1-ші сынып оқушыларының бір-бірімен өзара қарым-қатынасын жасауға және мектепке бейімделуі туралы кеңестер берілді.

        Үйден оқитын оқушылардың тізімін анықтап, үйлерін аралап ата-аналарымен сөйлесіп, құжаттарын ретке келтірдік. Үйден оқитын оқушылар саны – 3. Ол Хамраев Алияр 5ә сынып оқушысы, Шакиров Шавкун 3а сынып окушысы, Маликжанов Михратжан 6а сынып окушысы.

          20-25 қыркүйек аралығында оқушылар арасында өзіне- өзі қол жумсау мінез- құлықтарының алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты акциясы жүргізіліп іс шаралары өтілді. Акция барысында сыныптар арасында: Ең үздік шығарма, фото конкурс және суреттік байқауы өтіліп оқушылар марапатталынды. Ата-аналар мен мұғалімдер арасында «мен үйде және мен жұмыста» атты психологиялық жаттығу алынды.

          Оқушылардын мазасыздану денгейін анықтау мақсатында 7-11 сыныптар арасында Филипс, Фергюсон және Айзенк әдістемелірі бойынша тестер алынып тәуекел тобы анықталып, жоспары жасаланды. Оқушылармен жұмыстар жүргізілді.

     5-ші сыныптардың орта буынға бейімдеу мәселелері бойынша бесінші сынып жетекшілеріне кеңес берілді. Кеңесте берілген түсініктер: бала кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір ғана мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген . Ал ол орта сыныпқа келеген кезде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ береді, сабақ кестесінің ауысуы, сыныптастарымен, жаңа мұғалімдермен қарым – қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Балада мазасыздық пайда болады, сенімсіздік қалыптасады, бастауышпен салыстырғанда сабақ оқуы нашарлайды, сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынаста қиындық сезеді.  Яғни баланың пәндік оқуға бейімделу кезеңі сәтті өту үшін, оқушылардың  білімге деген қызығушылығын ояту, оларға жаңа сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға көмектесу керек. 5-ші сынып оқушылармен «Кездесу» атты кері қарым-қатынас алу әдістемесі бойынша орта мектептегі адаптация мониторингі толтырылды. 

Оқушылардың орта мектепте бейімдеу мәселелерін алдын – алу, ішкі қорды жұмылдыру, өзіне және өзгелерге қолдау көрсете білу мақсатында « 5-ші сынып дегеніміз не?» атты психокоррекциялық сабақ және психологиялық жаттығулар жүргізілді. 

     Қазан айында мектеп алды даярлық топтарымен қоршаған ортаны білу және түсіну мақсатында «Менің мектебім» атты әдістемесі алынды. Жас мұғалімдер арасында мұғалімдердің психикалық көңіл күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым қатынас орната білу мақсатында «Өмір неткен керемет!» дөнгелек үстел жүргізілді. Ұстаздар жұпқа бөлініп өмір туралы әр түрлі тақырыптарда сурет салып қорғап шықты. Топ арасында кері байланыс арқылы сурақтар қойылып, жауаптар алынды. Жас ұстаздармен «Өрмекшінің торы» психологиялық ойын жүргізілді. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым қатынастың қандай болу керектігін айтып өтілді. 

         6 а, ә, в,г сыныптар арасында сынып оқушыларының арасында лидер және шеттеп қалған оқушыны және шағын топтарды анықтау мақсатында социометрия психологиялық тест алынды. Тестың қорытындысы бойынша 6а сыныбынан Омарова Дильназ лидер болса Салайдин Самира екінші орынды, үшінші орын Розахунова Дилинур иеленді. 6г сыныпта Русланова Ханума лидер, Максимов Ахмади, Ганиева Фаиза. Коррекция мақсатнда

 «Бәріміз бірге»,  «Ормандағы ағаштар» психологиялық жаттығулар жүргізіліп, ойнатылды. 

Дарынды оқушылармен бала дарындылығын ашылуын өз мүмкіншілік қабілетіне сәйкестендіре отырып дамыту, жетелдіру мақсатында психологиялық тесттермен жаттығулар жүргізіліп, оқушылардың пән бойынша қызығушылығы анықталды.

           Қазан аяғында Ғазиз Сарсебеков Матайбекұлы басшылығымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 8-11 сыныптар арасында жиналыс өткізілді.

Қараша айында 6 сыныптар арасында «Социометрия» тест алынды. Тест нәтиже бойынша 6а сынып Омарова Дилназ лидер болып танылса, Еркинова Ирада сыныптаға достарының арасында қарым қатынасының төмен екендігі көрсетілді. 6ә сынып Лидер Муталипов Амир болып танылса Турганова Шахсанам төмен денгейді көрсетті. 6г сынып Русланова Ханума лидер болып иеленіп Мадалиева Амина достарымен қарым қатынасы төмен екендігі байқалды. Тестін қорытындысы бойынша сыныптар арасыда  «Бәріміз бірге», «Дос достықпен» психологиялық жаттығу жүргізілді. Сынып жетекшіге тесттін нәтижесі түсіндіріліп, кеңестер берілді. 

     Ұлдармен жұмыс «Темекі денсаулыққа зиян» тақырыбында баяндама оқылып, психологиялық кеңестер берілді.

     ҰБТ ға қатысатын оқушылармен «Өзән өзін бағалау» психологиялық тест алынды.Ағылшын пәнінің ұстаздар арасында «Айна» психологиялық жаттығу жүргізілді. Үлгерімі төмен оқушы арасында сыныптар бойынша «Бәріміз бірге» психологиялық жаттығу өткізілді. Ата аналарға «Зорлық зомбылықсыз балалы шақ» тақырыбында вотсап желісі арқылы слайд жіберілді. . Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту үшін «Мен бірінші»,«Дос достықпен», «Біз біргеміз», атты психологиялық жаттығулар жүргізілді. Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңестер берілді. 

Желтоқсан айында 11 а,ә,в,г сыныптар арасында отбасылық жағдайды және адамның отбасы мүшелеріне қатысты сезінетін сезімін зерттеу мақсатында «Менің отбасым» атты суреттік тесті алынды. Тест қорытындысы бойынша 11 ә сынып оқушысы Абдигопуров Ғалипжан отбасылық суретінде өз отбасы мүшелерін дөнгелек пен сызықтар арқылы салған. 11 а сынып оқушысы Садвакасова Сабина өзін шеттетіп салған. 11 а сынып оқушысы Ахметова Адилям  өзін шетте қалғаның, анасы Алматыда екенің жазып қойған.  Осы оқушылармен оқушыларды бір - бірімен қарым - қатынасын жақсарту мақсатында «Бәріміз бірге» психологиялық  жаттығу жүргізілді. 7-11 сынптар арасында оқушыларды топқа қосу, бір бірімен жақсы қарым қатынасқа жеткізу мақсатында  «Айна» психологиялық жаттығу жүргізілді. 

         ҰБТ –ға қатысатын оқушылардың тізімін анықтап жоспар құрылды.  ҰБТ ға қатысатын оқушылармен өзін өзі бағалау денгейін, өзінің тип темпераментың анықтау, оқушының күйзеліс денгейін анықтау мақсаттарында оқушылардан психологиялық тесттермен психологиялық жаттығулар  жүргізіліп, ойнатылды. 

          1 сыныптар арасында «Не үлкен» психологиялық ойын жүргізілді. Сынып жетекшілермен  алынған тест нәтижелермен таныстырылып, кеңестер берілді. 

          Сәтсіз отбасы, мектепішілік есепте туратын оқушылардың үйлеріне рейд жасап, ата анасымен сұхбат жүргізілді. Ол 5ә сынып оқушысы Гаитов Муслим,  сабаққа келгісі келмей анасымен бірге сабаққа келіп, жылап қайта үйіне кететінін айтып сабаққа келгісі келмейді. Мектеп әкімшілігімен бірге ата анасымен сөйлесіп баланы сабақтан қалдырмауын талап еттік. Гаитов Муслиммен арнайы жеке жұмыс жасаланып, психологиялық жаттығулар жүргізілді. Келесі,  Абдумежитов Ибрагим 2в сынып оқушысы, оқушылар арасында келіспеушілік туып сынып жетекшісімен бірге үйіне барып  ата анасымен сөйлесіп, көңіл күйін бақылап қайтық. Сабаққа уақытылы келетінің ата-анасы айтты. Сонымен қатар 8 в сынып қыздар арасында келіспеушілік туып, мектеп әкімшілігімен бірге осы дау-дамайды шештік. 

          Жаңа жылдық мерекеге байланысты Аяз ата, ақшақар мен бірге үйден оқитын оқушыларға мектеп атынан арнайы тәтті сыйлықтар апарылып, оқушылардың көңіл күйін бақылап, құтықтап қайттық. 

    Қантар айында 1сынып оқушыларының есте сақтау ойлау қабілеттерін анықтау мақсатында «10 сөз, 10 сан» атты психологиялық тесті алынып, психологиялық жаттығулар өткізіліп сынып жетекшілерімен түсінік жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. 11 сыныптар арасында мектеп қабырғасында оқитын жасөспірімдер бойындағы жалғыздық деңгейін анықтау мақсатында «Айзенк» әдістемесі алынды. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың жалғыздық сезімінің деңгейі өз қалпында. 

    4 сыныптар арасында,  оқушыларды бір - бірімен қарым - қатынасын жақсарту мақсатында «Бәріміз бірге» психологиялық  жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында барлық оқушылар беделді қатысып, көніл күйлері жақсы, көтерінкі болғанын көрсетті.

      Қыздар мен жұмыс «Ерте жастағы жүктіліктің алдын- алу» атты тақырыпта  баяндама оқып, слайд, видеороликтер көрсетілді.

    «Тәуекелтопқа» жататын оқушылар, ерекше назардағы жанұя, инклюзив топ оқушыларымен «Кактус» әдістемесі алынды. Айына бір рет «Тәуекел топқа» жататын оқушылармен коррекциялық жұмыс қалыптастыру, психологиялық жаттығулар жүргізілді.  Тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес, оқушыларға кәсіп таңдау мәселесі бойынша кеңестер, тәрбиесінде қиындық туғызатын оқушылармен және олардың ата-аналарымен кеңес, әңгіме, сұхбаттар жүргізілді. Мұғалімдердің сұраныстары бойынша жеке балалармен ағартушылық жұмыстар жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек, сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңестер берілді.

Ақпан айында 5-6 сыныптар арасында отбасылық жағдайды және адамның отбасы мүшелеріне қатысты сезінетін сезімін зерттеу мақсатында «Менің отбасым» психологиялық суреттік тесті алынды. Сурет нәтиже бойынша оқушылар мен  топтық ағарту жұмыстар  жүргізілді. Ата-аналар назарына «Темекінің зияны» слайд ролигі жіберілді. Үнемі оқушылардың сабаққа қатысуын қадағаладық. 1-4 сынып оқушыларынан логикалық ойлау элементтерін дамыту үшін А.Зак әдістемесі алынды. Сенім жәшігіне түскен хаттармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілді. Сабақты көп және себепсіз тастайтын  оқушылардың үйлеріне оқу ісі жөніндегі орынбасарлармен үйлеріне барып, себептеріні біліп, әңгімелесіп, сұхбаттар жүргізілді. Үйде оқитын оқушылардың үйлеріне барып, ағарту жұмыстары жүргізіліп, сұхбаттар жүргізілді. 8-11 сынып ұлдар арасында «Қазіргі заман ұлдары» атты тақырыпқа пікір талас әңгімелер жүргізілді. 9 сынып оқушыларымен «Д. Голланд оқу орнына дайынсыңба?» сауалнамасы алынып, «Мамандықтар әлемінде»  психологиялық жаттығулар жүргізілді.  «Мен және менің болашағым»,«Қауыпсыз ғаламтор» тақырыбында барлық оқушыларға сынып жетекшілерімен сынып сағаттары өткізілді. 11 сынып оқушыларының ҰБТ психологиялық дайындығы бойынша пән мұғалімдеріне кеңес, әңгіме, сұхбаттар жүргізілді. 

     2-в,г –сыныптарынан  «Мектеп   танымдылығын»  анықтау  пәндерге   қызығушылығын байқау  тесті  алынды. 6в,г- сыныптарынан «Менің   отбасым» -атты  суреттік   тест  алынды.5г- сыныптарының қыздар мен ұлдар  арасындағы  дау- дамайға   кеңестер  берілді .6г- сыныптарының  ұлдарының   қыздарға   тиісуіне байланысты кеңестер   берілді.6в,г- сыныптар  арасында «Өмірде жоқ   жануарлар»-психологиялық  тест  алынды.9- сыныптар  арасында жеке тұлғаны  геометриялық   фигура  арқылы зерттелді.ҰбТ-ға  қатысатын  оқушылардан темпераменті зерттеліп, Өзін-өзі  бағалау, дүниеде жоқ  жануарлар суреті, стреске байланысты тесттер  алынды. Сенім жәшігіне  түскен   хаттарға  кеңестер   берілді .Оқушылар мен  топтық жұмыстар  жүргізілді. Мұғалімдер арасында  жеке   тұлға  өз бетімен кірген қызметкерлерге  психологиялық  кеңестер   берілді.7в,г- сыныптар   арасында « Менің  отбасым»  және   «Өмірде  жоқ жауарлар»  психологиялық   тесттер  алынды. Алынған  тесттерге қортынды  жасалды.

      Наурыз айында  9 сынып оқушыларымен «Д. Голланд оқу орнына дайынсыңба?» сауалнамасы алынды, оқушылардың көбі  9 сыныптан кейін колледж бен лицейге баратындарын белгіленген. 11сыныптар арасында «Менің мамандығым» оқушылар арасында дөнгелек үстел, сұхбаттар жүргізіліп, психологиялық жаттығулар жасаланды. 8-11 сынып қыздар арасында «Қыз қылығымен сүйкімді» баяндама оқылып, психологиялық кеңестер берілді. 6-7 сынып қыздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту туралы  және  мектеп формасы туралы жиын өткізілді. 

   Алынған тесттердің нәтижелері шығарылып сыныптар   арасында психологиялық жаттығулар жүргізілді. 

   Сәтсіз отбасындағы оқушыларды мектеп келмеген күндері ТІЖО, әлеуметтік педагог және психологтар уақытысында үйлеріне барып ата анасымен және оқушыларымен сөйлесіп, себебін біліп қайттық. 10-11 сынып қыздар арасында жеке кабинетке келіп өз сырларымен жеке кеңестер жүргізілді. 

    Тәуекел топтағы оқушылардан  «Кактус» психологиялық тест алынды. Тест қорытындысы бойынша оқушылар суреттік тесті жақсы орындаған.

Осы оқушылармен «Менің қиындықтарым» психологиялық жаттығу жүргізілді. 

    ҰБТ ға қатысатын оқушылардан «Сіздің ҰБТ ға дайындығыныз қалай?» психологиялық сауалнама алынды. Бастауыш мұғалімдер арасында «Өмір мен, сен үшін ИӘ» психологиялық дөнгелек үстел өткізілді. Ұстаздар қабырға қағазын қорғай отырып  өздерінің өмірге деген қызығушылығын дәлелдеді. Ұстаздар арасында  психологиялық жаттығулар жүргізілді.

   Дарынды оқушылар арасында «Түспен ажырату» психологиялық ойын жүргізілді.

    Үлгерімі төмен оқушылар арасында «Сурет бойынша әнгіме құрастыр» психологиялық әдістеме жүргізілді.

     9 сынып оқушылар арасында «Менің көніл күйім» психологиялық жаттығу жүргізілді.