Лауазымдық міндет » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Лауазымдық міндет

Бекітемін

Мектеп директоры

______Х.А.Ибрагимова

«__»________2021-2022ж


«Алматы облысы Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» «М.Хамраев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

2021-2022 оқу жылында атқаратын лауазымдық міндеттері


2021-2022 оқу жылының басталуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің  13.07.2009 жылғы  №338 бұйрығы негізінде, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.06.2003 жылғы №141 бұйрығы және  , ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  30.05.2003жылғы  №119 бұйрығы сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері төмендегідей болып бекітілсін. 


Білім беру мекемесінің   психологтары   Айнабекова Асем Байджумановна мен Манапова Тахмина Мансуровналардың  лауазымдық міндеттері 


 
1. Жалпы ережелер

1.1. Осы лауазымдық нұсқаулық білім беру мекемесінің басшысы еңбегіне тарифтік-квалификациялық бағалау негізінде ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 13.07. 2009 ж. №338 бұйрығына, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 28.06.03. №141 бұйрығына, осы Министрліктің 30.05.03ж. №119 бұйрығына сәйкес құрастырылды.

1.2.Психологты білім беру мекемесінің басшысы қызметке тағайындап, қызметінен босатады.

1.3.Психологтың жоғары немесе орта кәсіби білімі болуы шарт, педагогикалық еңбек өтілінің болуы міндетті емес.

1.4.Психолог білім беру мекемесі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады.

1.5.Өз қызметінде психолог Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғану ережелерін, сондай-ақ білім беру мекемесінің Жарғысын және жергілікті құқықтық актілерін (оның ішінде Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мекеме басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқаулықты), еңбек келісім-шартын (контракт) басшылыққа алады.

Психолог Бала құқықтары туралы конвенцияны бұлжытпай орындайды.   
2. Атқаратын қызметтері

Психологтың атқаратын қызметінің негізгі бағыттары:

2.1. білім беру мекемесінде білім алушыларды психологиялық тұрғыда зерттеу;

2.2. білім алушылардың психологиялық шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

3. Лауазымдық міндеттері

Психолог төмендегі лауазымдық міндеттерді атқарады:

3.1. психологиялық үйірменің құрамын жинақтайды және білім беру мерзімі аяқталғанша оның сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

3.2. білім алушыларды психологиялық бақылауды жүзеге асырады;

3.3. психофизиологиялық мақсатқа сәйкес жұмыс жасаудың (оқытудың) психологиялық негізделген түрлерін, амалдарын және әдістерін қамтамасыз етеді;

3.4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

3.5. білім бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға қатысады;

3.6.сабақтардың жоспарларын және бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді, белгіленген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді;

3.7.білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оларды дамытуға, тұрақты кәсіби қызығушылықтары мен икемділіктерін қалыптастыруға ықпал етеді;



3.8. дарынды, талантты білім алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетеді 

3.9.арнайы есепте тұрған, суицидке бейімдігі бар, әумесерлік (девиантты) мінез-құлықты балалармен, «қатерлі» топтағы балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;

3.10. білім алушылардың көпшілік шараларға қатысуын ұйымдастырады;

3.11. өз құзіреті аясында ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), сондай-ақ білім беру мекемесінің оқытушылары мен білім алушыларына консультациялық көмек көрсетеді, белгіленген нысанда құжаттама жүргізеді;

3.12. 1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімделуі бойынша жұмысты ұйымдастырып, талдау жасайды;

3.13.ҰБТ-ға даярлық жұмыстарында 11-сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсетеді;

3.14.оқушылардың емтихандарға даярлығы барысында психологиялық көмек көрсетеді;

3.15. сабақ өткізу барысында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қоғану ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; белгіленген үлгідегі журналға міндетті тіркеумен білім алушыларға еңбекті қорғау бойынша нұсқау береді;

3.16.әрбір оқыс оқиға туралы мекеме әкімшілігіне жедел хабарлайды, алғашқы көмек көрсету бойынша шара қолданады;

3.17. өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады;

3.18. білім беру мекемесінің Педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады;

3.19. білім беру мекемесінде, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдағы орнына сай әдеп нормаларын сақтайды.  
4. Құқықтары

Психолог құқылы:

4.1. білім беру мекемесінің Жарғысымен белгіленген тәртіппен Мектепті басқаруға қатысуға;

4.2. шағымдармен, өз жұмысына баға берілген басқа да құжаттармен танысуға, осы бойынша түсініктеме беруге;

4.4. оқыту, тәрбиелеудің әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарыноқулықтарды, білім алушыларды бағалау әдістерін еркін таңдап, пайдалануға;

4.5. біліктілігін арттыруға;

4.6. тиесілі біліктілік санатына ерікті түрде аттестацияланып, аттестациядан табысты өткен жағдайда тиесілі біліктілік санатын иемденуге;

4.7. сабақ процесінде, үзіліс кезінде білім алушыларға сабақты ұйымдастыруға, тәртіп сақтауға қатысты міндетті бұйрықтар мен өкімдер беруге, Жарғымен, білім беру мекемелерінде білім алушыларды көтермелеу және жаза салу туралы Ережелермен белгіленген жауапкершілікке тартуға . 

5. Жауапкершілігі

5.1. Психолог білім бағдарламасының орындалу сапасы, сабақ процесіндегі білім алушылардың өмірі мен денсаулығы, олардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы бойынша ҚР заңнамасымен жауапкершілікке тартылады.

5.2. Жарғы және Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, білім беру мекемесі басшысының заңды өкімдерін және басқа да жергілікті нормативтік актілерді, осы Нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін себепсіз орындамаған және тиесілі орындамаған жағдайда психолог еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

5.3.Білім алушы тұлғаға физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетумен байланысты тәрбие беру әдістерін қолданғаны үшін, оның ішінде бір рет қолданғаны үшін де, сондай-ақ басқа да адамгершілікке жат істері үшін ҚР Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңына сәйкес психолог қызметінен босатылуы мүмкін.

5.4.Өзінің лауазымдық міндеттерін атқаруымен (атқармауымен) байланысты білім беру мекемесіне немесе білім беру процесіне қатысушыларға тигізген зияны үшін психолог еңбек және (немесе) азаматтық заңнамамен белгіленген мөлшерде және тәртіппен 



материалдық жауапкершілікке тартылады.   
6. Қарым-қатынастары. Лауазымы бойынша байланыстары

Психолог:

6.1. ҚР Еңбек кодексінің 77-б., 1-т., 82-б., 2-т. сәйкес сабақ кестесіне сай өзіне белгіленген оқу жүктемесінің мөлшерін орындау, міндетті жоспарланған жалпы мектепшілік шараларға қатысу және міндетті қызметін мөлшерленбеген өзіндік жоспарлау режимінде жұмыс жасайды;

6.2. әрбір жаңа оқу жылындағы және әрбір оқу тоқсанындағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жоспарланған кезең басталған күннен бастап бес күннен кешіктірмей жұмыс жоспарын мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекіттіреді;

6.3. әрбір оқу тоқсанының аяғында мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына атқарған жұмысы туралы 5 беттен артық емес жазбаша есебін береді;

6.4. білім беру мекемесінің басшысынан және оның орынбасарларынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпараттарды алып отырады, тиесілі құжаттармен танысып, қолын қояды;

6.5. оқытушылармен, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) тығыз байланыста жұмыс жасайды; білім беру мекемесінің әкімшілігімен, педагогтарымен өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жүйелі түрде ақпарат алмасады.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы» Заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін; оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерді жабдықтау талаптарын; оқыту тәсілдерін және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; білім берудің және педагогика ғылымының негізгі бағыттары мен даму болашағын; құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, педагогика және психология негіздерін; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін; экономиканың, еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және өрттен қорғанудың ережелерін; тазалық ережелерін.


 Екінші данасын алдым
Лауазымдық міндетіммен таныстым: ______________________ 

                                                                        (қолы, аты-жөні)


    Күні: «___» _______________ 20____ж.