Мектеп логопеді » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп логопеді


Мен, Давутова Имханям Марсовна  22 ақпан 1969 жылы Алматы облысы, Ұйғыр  ауданы Шарын ауылында қарапайым еңбеккерлер отбасында дүниеге келдім. 1976 – 1986  жылдары Шарын орта мектебінде білім алдым. Орта мектепті бітіргеннен кейін,  1986-1988 жылдар аралығында  Жаркент педагогикалық училищесін Бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша оқуды бітірдім. 1989 жылы акпан айынан бастап Шарын орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2002 жылы Абай атындағы педагогикалық университетінің  педагогика және психология   факультетіне сырттай оқуға түсіп,  оқуды бітірдім. 

2003 жылдың желтоқсан айынан бастап М.Хамраев атындағы орта мектебінде 2019 жылдың желтоқсан айына дейін мектеп психологі болып жұмыс істедім. .Мектепте жұмыс істеп жүрген кездері мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып келемін.

2013 жылы аудандық « Ең үздік психолог»    байқауына қатысып 3 орынға ие болдым.

2015-2017  оқу жылдар арасында ЕБҚЕ оқушыларды аумақтық «Жұлдыз ай» байқауына қатыстырып бір оқушы 2 орынға ие болды. 

2019 жылы Академик Ә Куатбеков атындағы Халықтар  достығы университеті дефектология факультетіне  күндізгі (ҚББТ қолдану арқылы) оқуға түсіп 2021 жылы оқуды бітіріп мектепте логопед дефектолог болып жұмыс істеп жатырмын

Өз білімімді жетілдіру мақсатында 2019 жылы  БАҚӨО да курстан өттім.

2021жылының тамыз айында Республикалық тузету педагогика және нейропсихология   білім орталығында «Дифференциалды логопедиялық массаж. Тұтықпа.» атты курс өттім.

Отбасылымын.  2 ұл ,1қызым бар.