Мектеп директоры Турсунов Дастан Турганович » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп директоры Турсунов Дастан Турганович
04
январь
2023

Мектеп директоры Турсунов Дастан Турганович

Мен, Турсунов Дастан Турганович  28 наурыз 1984 жылы Алматы облысы, Ұйғыр  ауданы Шарын ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім. 1990-2001  жылдары  М.Хамраев атындағы орта мектебінде білім алдым. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2001-2006 жылдар аралығында Абай атындағы педагогикалық университетінің  тарих және география пәні  факультетіне оқуға түсіп, тарих және география мұғалімі мамандығы бойынша оқуды бітірдім. 2007 жылы М.Хамраев атындағы орта мектебінде тарих пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым. Мектепте жұмыс істеп жүрген кездері мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып келемін.
 2009-2015 жыл аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқардым. 
 2015-2018 жылдар аралығында Қапшағай қаласында ЛА-158/8 кешкі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры қызметін атқардым. Отбасылық жағдайға байланысты 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап,  Алматы облысы, Ұйғыр  ауданы Шарын ауылында «М.Хамраев атындағы орта мектебіне» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымын қайта оралдым. 
 2023 жылдан бастап педагог-ұйымдастырушы   лауазымынан "М. Хамраев атындағы орта мектебі" КММ нің директор лауазымын атқарып келудемін.
 Пән мұғалімі ретінде тәрбиелеп отырған оқушылары өздерінің жетістіктері арқылы  түрлі дәрежедегі дипломдар мен сертификаттарға ие болып, қоғамда өз үлестерін қосып келеді.
 2020-жылы орта білім беру мазмұнын жаңарту, жалпы білім беру ұйымдары оқу ісі орынбасарлары басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңартылған бағдарламаны оқып бітірдім.  
 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Облыстық кәсіподақ ұйымы тарапынан Алғыс хатқа ие болдым.