2022-2023 оқу жылындағы қыркүйек – желтоксан айларында атқарылған психологтардың жұмыс есебі. » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы қыркүйек – желтоксан айларында атқарылған психологтардың жұмыс есебі.
30
декабрь
2022

2022-2023 оқу жылындағы қыркүйек – желтоксан айларында атқарылған психологтардың жұмыс есебі.

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Хамраев атындағы орта мектебі»  МДШО КММ -нің   2022-2023 оқу жылындағы қыркүйек – желтоксан айларында атқарылған психологтардың жұмыс есебі.

 «М. Хамраев атындағы орта мектебі МДШО»  КММ де екі педагог психолог жұмыс жасайды. Психологтардың кабинеті   бар.     

12-16 қыркүйек аралығында оқушылар арасында өзіне- өзі қол жумсау мінез- құлықтарының алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты акциясы жүргізіліп іс шаралары өтілді. 

 Акция 5-11 сынып оқушылар арасында жүргізілді. 5-6-7 сынып оқушылар арасында «Өмір тамаша», «Өмір мен саған ғашықпын» суреттік байқау қабырға газеттері шығарылды. Мұғалімдер, оқушы, ата-аналар арасында «Өмір» туралы ауызша журнал (интервью) алынды. «Суицидтің алдын алу» мақсатында мұғалімдер арасында «Менің мінезім» психологиялық жаттығу жүргізілді. 8-11 сыныптар арасында «Мен бақыттымын!» тақырыбында шығарма жұмысы алынды. Ата аналарларға «Өмір неткен керемет» тақырыбында видео- слайд вотсап желісі арқылы жіберілді.

           Оқушылардын мазасыздану денгейін анықтау мақсатында 7-11 сыныптар арасында Филипс, Фергюсон және Айзенк әдістемелірі бойынша тестер алынып тәуекел тобына үш оқушы анықталып, жоспары жасаланды. Оқушылармен жұмыстар жүргізілді.

   1сыныптар мен танысып ,оқушылардың мектепке бейімделуін қадағалап , оқушылардан  «Менің сыныбым» психологиялық суреттік  тест алынды. Сонымен қатар 1 сыныптардан К.Иерасектің мектепке дайындық деңгейін анықтау тесті алынды. Тестің қортындысы бойынша Т.Н , А. А және А. Э үш  оқушы  төмен балл алды. Түзету-дамыту жұмыстары бойынша оқушылар мен «Бәріміз бірге», «Мысық пен тышқан», «Не үлкен» психологиялық ойындар ойнатылды.

Орта буынға бейімделу, икемденуіне  (адаптация) байланысты  5 сыныптар арасында « Менің сыныбым», «Пәнге қызығушылығы», «социометрия», пәндерге  бейімделуін анықтауға байланысты «Кездесу» психологиялық тест алынды. Тесттердің қортындысы бойынша пәнге қызығушылығы  мен кездесу тестінің қортындысы өте жақсы, өзін жалғыз сезініп жүрген екі оқушы П.Б мен және К. Х Сыныптар арасында «Мен қандаймын», «Ормандағы ағаштар», «Бәріміз бірге» психологиялық жаттығу жасалды. Мектепалды  даярлық   топтарынан «НЕ жетіспейді?» суреттік тест алынды. 8-11 сынып қыздар  арасында   «Ерте жүктілік» алдын –алуына байланысты «Қыз өссе елдің көркі» атты баяндама оқылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.   

 6-11 сыныптар арасында  «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» жиындар өткізілді, ауызша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 7-11 сыныптар арасында социометрия тест  алынып, оқушылар  арасында   «Дос-достыққа», «Мен қандаймын» психологиялық жаттығулар жүргізілді. Шыққан тесттің қортындысын сынып   жетекшіге түсіндіріп ескеріліп отырды.   «Сенім жәшігі» бекітіліп, түскен хаттар мен жұмыс жасалды  .Сынып бойынша ата-аналар мен «Өмір мен саған ғашықпын»  тақырыбында  дөңгелек үстел жүргізіліп  «Өрмекші торы»  жаттығуы жасалды. 9  сынып қыздар арасында топтық психологиялық жұмыстар жүргізілді. Жас мұғалімдер арасында «Өмір мен үшін қымбат» атты   дөңгелек үстел жүргізілді.

    Бақылауда турған Родин отбасына мектеп ДТІЖО, құқық менеджері мен психолог арнайы үйіне барып оқушылардың көңіл күйін жағдайын көріп, оқушылармен сөйлесіп қайтық. Отбасылық жағдайы, көңіл күйі жақсы екеніне көз жеткіздік. Үйден оқитын оқушылар саны -2. Оқушылардың көңіл күйін бақылап, ата анасымен сөйлесіп қайттық. Мектептегі оқитын ерекше білімді қажет ететін оқушылармен арнайы жұмыстар жасалды.

  Балалар жылына байланысты мектепішілік 10-20 қараша айында іс шаралар жүргізілді. Психолгтар арнайы үш күндік акция жүргізіді.

  1. 7-11 сыныптар арасында Буллингке қарсы жасырын сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы шығарылып, анықтама жазылды. 
  2. 5-7 сыныптар арасында «Өз құқығынді білесінбе?»   тақырыбына байланысты «Мен үйде» болады, болмайды қабырға газеттерін қорғады.
  3. 9 сыныптар арасында  Зорлық зомбылыққа байланысты «Өз құқығынды білесінбе?» тақырыбына байланысты сайыс жүргізілді. Сайыс бес бағытта өтіліп, оқушылар өз құқықтарын қорғап, жақсы денгейде көрсетті.

Мектепішілік іш шараға байланысты 1-11 сыныптар арасында ата аналар жиналысы болды. Жиналыста мектеп директоры, ДТІЖО, құқық менеджері мен психологтар  «Бақытты ана, бақытты бала, бақытты ел» тақырыбында үлкен жиын жүргізді. Мектеп психологі  А. Айнабекова «Ерте жүктілік» тақырыбын, педагог психолог Т. Манапова «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбына видео көрсетіп ата аналарға түсініктеме жүргізіп, ата аналармен байланыста болды.

   11  сыныптарында оқушылардың өзін өзі тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету мақсатында "ҰБТ-ға сеніммен барайық" тақырыбында жұмыс жүргізілді. 7-8 сынып оқушыларының арасында лидер және шеттеп қалған оқушыны, шағын топтарды анықтау мақсатында Социометрия тесты алынып, қорытындысы шығарылды. 3-4 сыныптар арасында «Менің отбасым» атты суреттік тест алынып, интерпретациясы жасаланды. 7-11 сыныптар арасында оқушылардың бір бірімен қарым қатынасын жақсарту мақсатында «Айна», «Чемодан», «Өрмекшінің торы» тағы басқа психологиялық жаттығулар ойнатылды. Өмірге сүймелеу, өмірге сүйіспеншілікпен қарау мақсатында жас мамандар арасында «Өмір неткен керемет» дөнгелек үстелі жүргізілді. Сәтсіз отбасы, мектепішілік есепте туратын оқушылардың үйлеріне барып, ата анасымен сұхбат жасап, әнгімелесітік. Сынып жетекшілермен тест қорытындысы бойынша кеңестер берілді.



                          Педагог психолог:                       А.Б  Айнабекова

                                                                                  Т.М   Манапова