2022-2023 оқу жылындағы атқарылған психологтардың жылдық жұмыс есебі. » "Средняя школа им. М. Хамраева "
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"М.Хамраев атындағы орта мектебі" КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 58-5-94
Есепші бөлімі:
+7(72778) 58-5-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған психологтардың жылдық жұмыс есебі.
26
май
2023

2022-2023 оқу жылындағы атқарылған психологтардың жылдық жұмыс есебі.

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Хамраев атындағы орта мектебі»  КММ -нің   2022-2023 оқу жылындағы атқарылған психологтардың жылдық жұмыс есебі.

  «М. Хамраев атындағы орта мектебі МДШО»  КММ- де екі педагог психолог жұмыс жасайды. Психологтардың кабинеті  бар.      

Қыркүйек айында.  Оқушылардың жазғы демалыстан кейінгі көңіл күйлерімен таныстық.    1сыныптар мен танысып, оқушылардың мектепке бейімделуін қадағалап, оқушылардан  «Менің сыныбым» психологиялық суреттік  тест алынды. Сонымен қатар 1 сыныптардан К.Иерасектің мектепке дайындық деңгейін анықтау тесті алынды. Тестің қортындысы бойынша Т.Н. А. А және А. Э үш  оқушы   төмен балл алды. Түзету-дамыту жұмыстары бойынша оқушылар мен «Бәріміз бірге», «Мысық пен тышқан», «Не үлкен» психологиялық ойындар ойнатылды.

           12-16 қыркүйек аралығында оқушылар арасында өзіне- өзі қол жумсау мінез- құлықтарының алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты акциясы жүргізіліп іс шаралары өтілді. 

 Акция 5-11 сынып оқушылар арасында жүргізілді. 5-6-7 сынып оқушылар арасында «Өмір тамаша», «Өмір мен саған ғашықпын» суреттік байқау қабырға газеттері шығарылды. Мұғалімдер, оқушы, ата-аналар арасында «Өмір» туралы ауызша журнал (интервью) алынды. «Суицидтің алдын алу» мақсатында мұғалімдер арасында «Менің мінезім» психологиялық жаттығу жүргізілді. 8-11 сыныптар арасында «Мен бақыттымын!» тақырыбында шығарма жұмысы алынды. Ата аналарларға «Өмір неткен керемет» тақырыбында видео- слайд вотсап желісі арқылы жіберілді.

           Оқушылардын мазасыздану денгейін анықтау мақсатында 7-11 сыныптар арасында Филипс, Фергюсон және Айзенк әдістемелірі бойынша тестер алынып тәуекел тобына екі оқушы анықталып, жоспары жасаланды. Оқушылармен айсайын жұмыстар жүргізілді.

            Бақылауда турған Родин отбасына мектеп ДТІЖО, құқық менеджері мен психолог арнайы үйіне барып оқушылардың көңіл күйін жағдайын көріп, оқушылармен сөйлесіп қайтық. Отбасылық жағдайы, көңіл күйі жақсы екеніне көз жеткіздік. Үйден оқитын оқушылар саны -2. Оқушылардың көңіл күйін бақылап, ата - анасымен сөйлесіп қайттық. Мектептегі оқитын ерекше білімді қажет ететін оқушылардың тізімі алынды.

     «Сенім жәшігі» ұйымдастырылды. Үйден оқитын және ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жылдық жұмыс жоспары құрылып, айсайын жұмыстар жүргізуліде.


Қазан айында. Орта буынға бейімделу, икемденуіне  (адаптация) байланысты  5 сыныптар арасында «Менің сыныбым», «Пәнге қызығушылығы», «Социометрия», пәндерге  бейімделуін анықтауға байланысты «Кездесу» психологиялық тест алынды. Тесттердің қортындысы бойынша пәнге қызығушылығы  мен кездесу тестінің қортындысы өте жақсы, өзін жалғыз сезініп жүрген екі оқушы П.Б мен және К. Х Сыныптар арасында «Мен қандаймын», «Ормандағы ағаштар», «Бәріміз бірге» психологиялық жаттығу жасалды. Мектепалды  даярлық   топтарынан «НЕ жетіспейді?» суреттік тест алынды. 8-11 сынып қыздар  арасында   «Ерте жүктілік» алдын –алуына байланысты «Қыз өссе елдің көркі» атты баяндама оқылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.    

 6-11 сыныптар арасында  «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» жиындар өткізілді, ауызша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 7-11 сыныптар арасында социометрия тест  алынып, оқушылар  арасында  «Дос-достыққа», «Мен қандаймын» психологиялық жаттығулар жүргізілді. Шыққан тесттің қортындысын сынып  жетекшіге түсіндіріп ескеріліп отырды.  «Сенім жәшігі» не түскен хаттар мен жұмыс жасалды. Сынып бойынша ата-аналар мен «Өмір мен саған ғашықпын»  тақырыбында   дөңгелек үстел жүргізіліп  «Өрмекші торы»  жаттығуы жасалды. 9  сынып қыздар арасында топтық психологиялық жұмыстар жүргізілді. Жас мұғалімдер арасында «Өмір мен үшін қымбат» атты   дөңгелек үстел жүргізілді.

6 сыныптар арасында «Социометрия» тест алынды. Тест нәтиже бойынша 6ә сынып Тохтасунов Бегзат лидер болып танылса, Гаитов Муслим сыныптаға достарының арасында қарым қатынасының төмен екендігі көрсетілді. 6в сынып Лидер Максимова Самия болып танылса Акимова Асуман төмен денгейді көрсетті. Тестін қорытындысы бойынша сыныптар арасыда   «Бәріміз бірге», «Дос достықпен» психологиялық жаттығу жүргізілді. Сынып жетекшіге тесттін нәтижесі түсіндіріліп, кеңестер берілді. Ұлдармен жұмыс «Темекі денсаулыққа зиян» тақырыбында баяндама оқылып, психологиялық кеңестер берілді.


Қараша айында. Балалар жылына байланысты мектепішілік 10-20 қараша айында іс шаралар жүргізілді. Психолгтар арнайы үш күндік акция жүргізді.

7-11 сыныптар арасында Буллингке қарсы жасырын сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы шығарылып, анықтама жазылды. 

5-7 сыныптар арасында «Өз құқығынді білесінбе?»  тақырыбына байланысты «Маған үйде» болады, болмайды қабырға газеттерін қорғады.

9 сыныптар арасында   Зорлық зомбылыққа байланысты «Өз құқығынды білесінбе?» тақырыбына байланысты сайыс жүргізілді. Сайыс бес бағытта өтіліп, оқушылар өз құқықтарын қорғап, жақсы денгейде көрсетті.

Мектепішілік іш шараға байланысты 1-11 сыныптар арасында ата аналар жиналысы болды. Жиналыста мектеп директоры, ДТІЖО, құқық менеджері мен психологтар  «Бақытты ана, бақытты бала, бақытты ел» тақырыбында үлкен жиын жүргізді. Мектеп психологі  А. Айнабекова «Ерте жүктілік» тақырыбын, педагог-психолог Т. Манапова «Буллинг, Кибербуллинг» тақырыбына видео көрсетіп ата аналарға түсініктеме жүргізіп, ата аналармен байланыста болды.

        ҰБТ-ға қатысатын оқушылармен «Өзін-өзін бағалау» психологиялық тест алынды. Ағылшын пәнінің ұстаздар арасында «Айна» психологиялық жаттығу жүргізілді. Үлгерімі төмен оқушы арасында сыныптар бойынша «Бәріміз бірге» психологиялық жаттығу өткізілді. Ата аналарға «Зорлық зомбылықсыз балалы шақ» тақырыбында вотсап желісі арқылы слайд жіберілді. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін дамыту үшін «Мен бірінші», «Дос достықпен», «Біз біргеміз», атты психологиялық жаттығулар жүргізілді. Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңестер берілді. 


Желтоқсан айында. 2 а,ә,в,г сыныптар арасында отбасылық жағдайды және адамның отбасы мүшелеріне қатысты сезінетін сезімін зерттеу мақсатында «Менің отбасым» атты суреттік тесті алынды. Тест қорытындысы бойынша 2ә сынып оқушысы А. отбасылық суретінде өз отбасы мүшелерін дөнгелек пен сызықтар арқылы салған. 2а сынып оқушысы С. өзін шеттетіп салған.     Осы оқушылармен оқушыларды бір - бірімен қарым - қатынасын жақсарту мақсатында «Бәріміз бірге» психологиялық  жаттығу жүргізілді. 7-11 сыныптар арасында оқушыларды топқа қосу, бір бірімен жақсы қарым қатынасқа жеткізу мақсатында  «Айна» психологиялық жаттығу жүргізілді. 

         ҰБТ –ға қатысатын оқушылардың тізімін анықтап жоспар құрылды.  ҰБТ-ға қатысатын оқушылармен өзін-өзі бағалау денгейін, өзінің тип темпераментың анықтау, оқушының күйзеліс денгейін анықтау мақсаттарында оқушылардан психологиялық тесттермен психологиялық жаттығулар  жүргізіліп, ойнатылды. 

          1 сыныптар арасында «Не үлкен» психологиялық ойын жүргізілді. Сынып жетекшілермен  алынған тест нәтижелермен таныстырылып, кеңестер берілді. 

          Сәтсіз отбасы, мектепішілік есепте туратын оқушылардың үйлеріне рейд жасап, ата анасымен сұхбат жүргізілді. Ол 5ә сынып оқушысы Гаитов Муслим,  сабаққа келгісі келмей анасымен бірге сабаққа келіп, жылап қайта үйіне кететінін айтып сабаққа келгісі келмейді. Мектеп әкімшілігімен бірге ата анасымен сөйлесіп баланы сабақтан қалдырмауын талап еттік. Гаитов Муслиммен арнайы жеке жұмыс жасаланып, психологиялық жаттығулар жүргізілді. Келесі,  Абдумежитов Ибрагим 2в сынып оқушысы, оқушылар арасында келіспеушілік туып сынып жетекшісімен бірге үйіне барып  ата анасымен сөйлесіп, көңіл күйін бақылап қайтық. Сабаққа уақытылы келетінің ата-анасы айтты. Сонымен қатар 8 в сынып қыздар арасында келіспеушілік туып, мектеп әкімшілігімен бірге осы дау-дамайды шештік. 

          Жаңа жылдық мерекеге байланысты Аяз-ата, ақшақар мен бірге үйден оқитын оқушыларға мектеп атынан арнайы тәтті сыйлықтар апарылып, оқушылардың көңіл күйін бақылап, құтықтап қайттық. 

Қантар айында 1сынып оқушыларының есте сақтау ойлау қабілеттерін анықтау мақсатында «10 сөз, 10 сан» атты психологиялық тесті алынып, психологиялық жаттығулар өткізіліп сынып жетекшілерімен түсінік жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. 11 сыныптар арасында мектеп қабырғасында оқитын жасөспірімдер бойындағы жалғыздық деңгейін анықтау мақсатында «Айзенк» әдістемесі алынды. Тест қорытындысы бойынша оқушылардың жалғыздық сезімінің деңгейі өз қалпында. 

    4 сыныптар арасында,  оқушыларды бір - бірімен қарым - қатынасын жақсарту мақсатында «Бәріміз бірге» психологиялық  жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында барлық оқушылар беделді қатысып, көніл күйлері жақсы, көтерінкі болғанын көрсетті.

      Қыздар мен жұмыс «Ерте жастағы жүктіліктің алдын- алу» атты тақырыпта  баяндама оқып, слайд, видеороликтер көрсетілді.

    «Тәуекел топқа» жататын оқушылар, ерекше назардағы жанұя, инклюзив топ оқушыларымен «Кактус» әдістемесі алынды. Айына бір рет «Тәуекел топқа» жататын оқушылармен коррекциялық жұмыс қалыптастыру, психологиялық жаттығулар жүргізілді.  Тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес, оқушыларға кәсіп таңдау мәселесі бойынша кеңестер, тәрбиесінде қиындық туғызатын оқушылармен және олардың ата-аналарымен кеңес, әңгіме, сұхбаттар жүргізілді. Мұғалімдердің сұраныстары бойынша жеке балалармен ағартушылық жұмыстар жүргізілді. 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек, сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңестер берілді.

   Ақпан айында 5-6 сыныптар арасында отбасылық жағдайды және адамның отбасы мүшелеріне қатысты сезінетін сезімін зерттеу мақсатында «Менің отбасым» психологиялық суреттік тесті алынды. Сурет нәтиже бойынша оқушылар мен  топтық ағарту жұмыстар  жүргізілді. Ата-аналар назарына «Темекінің зияны» слайд ролигі жіберілді. Үнемі оқушылардың сабаққа қатысуын қадағаладық. 1-4 сынып оқушыларынан логикалық ойлау элементтерін дамыту үшін А.Зак әдістемесі алынды. Сенім жәшігіне түскен хаттармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілді. Сабақты көп және себепсіз тастайтын   оқушылардың үйлеріне оқу ісі жөніндегі орынбасарлармен үйлеріне барып, себептеріні біліп, әңгімелесіп, сұхбаттар жүргізілді. Үйде оқитын оқушылардың үйлеріне барып, ағарту жұмыстары жүргізіліп, сұхбаттар жүргізілді. 8-11 сынып ұлдар арасында «Қазіргі заман ұлдары» атты тақырыпқа пікір талас әңгімелер жүргізілді. 9 сынып оқушыларымен «Д. Голланд оқу орнына дайынсыңба?» сауалнамасы алынып, «Мамандықтар әлемінде»  психологиялық жаттығулар жүргізілді.  «Мен және менің болашағым», «Қауыпсыз ғаламтор» тақырыбында барлық оқушыларға сынып жетекшілерімен сынып сағаттары өткізілді. 11 сынып оқушыларының ҰБТ психологиялық дайындығы бойынша пән мұғалімдеріне кеңес, әңгіме, сұхбаттар жүргізілді. 

     2-в,г –сыныптарынан  «Мектеп  танымдылығын»   анықтау  пәндерге  қызығушылығын байқау  тесті   алынды. 6в,г- сыныптарынан «Менің    отбасым» -атты  суреттік  тест   алынды. 5г- сыныптарының қыздар мен ұлдар  арасындағы   дау- дамайға  кеңестер  берілді .6г- сыныптарының  ұлдарының    қыздарға  тиісуіне байланысты кеңестер  берілді. 6в,г- сыныптар  арасында «Өмірде жоқ  жануарлар»-психологиялық  тест   алынды.9- сыныптар  арасында жеке тұлғаны  геометриялық  фигура   арқылы зерттелді.ҰбТ-ға   қатысатын  оқушылардан темпераменті зерттеліп, Өзін-өзі   бағалау, дүниеде жоқ  жануарлар суреті, стреске байланысты тесттер   алынды. Сенім жәшігіне   түскен  хаттарға  кеңестер    берілді .Оқушылар мен  топтық жұмыстар  жүргізілді. Мұғалімдер арасында  жеке   тұлға  өз бетімен кірген қызметкерлерге  психологиялық  кеңестер   берілді. 7 в,г- сыныптар    арасында «Менің  отбасым»  және   «Өмірде  жоқ жауарлар»  психологиялық   тесттер  алынды. Алынған  тесттерге қортынды  жасалды.

Наурыз айында  9 сынып оқушыларымен «Д. Голланд оқу орнына дайынсыңба?» сауалнамасы алынды, оқушылардың көбі  9 сыныптан кейін колледж бен лицейге баратындарын белгіленген. 11сыныптар арасында «Менің мамандығым» оқушылар арасында дөнгелек үстел, сұхбаттар жүргізіліп, психологиялық жаттығулар жасаланды. 8-11 сынып қыздар арасында «Қыз қылығымен сүйкімді» баяндама оқылып, психологиялық кеңестер берілді. 8-9 сынып қыздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту туралы  және  мектеп формасы туралы жиын өткізілді. 

   Алынған тесттердің нәтижелері шығарылып сыныптар   арасында психологиялық жаттығулар жүргізілді. 

   Сәтсіз отбасындағы оқушыларды мектеп келмеген күндері ТІЖО, әлеуметтік педагог, құқықтық тәрбие менеджері және психологтар уақытысында үйлеріне барып ата анасымен және оқушыларымен сөйлесіп, себебін біліп қайттық. 8-9 сынып қыздар арасында жеке кабинетке келіп өз сырларымен жеке кеңестер жүргізілді. 

    Тәуекел топтағы оқушылардан  «Кактус» психологиялық тест алынды. Тест қорытындысы бойынша оқушылар суреттік тесті жақсы орындаған.

Осы оқушылармен «Менің қиындықтарым» психологиялық жаттығу жүргізілді. 

    ҰБТ ға қатысатын оқушылардан «Сіздің ҰБТ ға дайындығыныз қалай?» психологиялық сауалнама алынды. Бастауыш мұғалімдер арасында «Өмір мен, сен үшін ИӘ» психологиялық дөнгелек үстел өткізілді. Ұстаздар қабырға қағазын қорғай отырып  өздерінің өмірге деген қызығушылығын дәлелдеді. Ұстаздар арасында   психологиялық жаттығулар жүргізілді.

   Дарынды оқушылар арасында «Түспен ажырату» психологиялық ойын жүргізілді. Үлгерімі төмен оқушылар арасында «Сурет бойынша әнгіме құрастыр» психологиялық әдістеме жүргізілді.

     9 сынып оқушылар арасында «Менің көніл күйім» психологиялық жаттығу жүргізілді.

Сәуір айында Мектеп алды даярлық сынып оқушыларының 1 классқа дайындықтары зерттелінді. Суреттік тест нәтиже бойынша балалардың дамуы жас ерекшеліктеріне сай. 11сыныптарымен ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру мақсатында «Емтихан барысында өзіңді қалай ұстау қажет?» мини-лекция жүргізілді

  Мектепте «Сенім жәшігі»  жұмыс жасайды, онда түскен оқушылардың , басқа да жеке тұлғалардың ойларына , сұрақтарына жеке және топтық түрде жауаптар беріліп отырылды. Биылғы жылы барлығы оқушылар тарапынан «Сенім жәшігіне» – 3 хат түсті. Әр бір хатқа уақытылы  кеңестер мен ұсыныстар жасалып, тіркеу журналына жазылды.

    Әр тұлғаның ішкі жан дүниесін тыңдай отырып, психологиялық көмек беру мақсатында,  кеңес беру жұмыстары оқушылармен топтық және жеке  барлығы – 40, ата аналар үшін – 15, педагогтер үшін-20 әңгімелесулер мен кеңес жұмыстары жасалынды.

11 класс оқушыларымен «Қиындықтан жол таба біл» мектеп түлектерінің өз күштерін тексеруге, өзін терең білуге көмектесу мақсатында психологиялық қолдау сұхбаты өткізілді. 7-11 сынып оқушыларымен «Зорлық зомбылыққа  жол жоқ» қыздар, ұлдар арасында жиындар өткізілді.

«Жанұя Отбасын қолдау орталығы» Қоғамдық Қорының қолдауымен  зорлық-зомбылықтың кез келген түріне: физикалық, психологиялық, сексуалдық, буллинг және басқа да зорлық-зомбылық түрлері, суицидке бейімділігі бар балаларды сондай-ақ отбасындағы жағымсыз психологиялық климатқа ұшыраған балаларды анықтауға, осындай балалармен жұмыс жасау әлеуметтік бас тартудың, отбасылық проблемалардың және жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын-алу мақсатында 7-11 сыныптар арасында тест алынды. Жалпы мектеп бойынша 7-11 сынып аралығында – 301 оқушы білім алады. Оның ішінде – 301 оқушы тестке қатысты. Мектеп бойынша бастапқы тест алынған кезде қызыл аймақта болған оқушы саны-2, сары аймақ оқушы саны-6, жасыл аймақ -293. Қызыл, сары  аймақтарымен   жұмыс жасаланып жасыл аймаққа өткізілді. Мектепте анықталған оқушыларға жоспар құрылып әр оқушымен жекелей жұмыс жүргізілуде.


Мамыр айында. Жалпылама түрде жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытындылау жүргізілді.  Үйден оқитын оқушылардың үйлеріне барып, ата аналарымен сұхбаттасып, оқушыларды ОПМПК дан өткіздік.

    4сынып оқушыларымен сабақтастық мақсатында «Алдымызда 5 сынып» психологиялық ойыны жүргізілді. 5-6 сыныптар арасында   «Оқушылардың ойлау қабілетін даму деңгейін анықтау» әдістемесі алынып түзету дамыту жұмыстары жүргізілді. Тәуекел топпен «Мен жұлдызбын» атты психологиялық жұмыс. Мұғалімдер арасында ұстаздардың психикалық көңіл күйлерін көтеру, бір бірімен қарым қатынас орната білу мақсатында психологиялық жаттығу жүргізілді. Дарынды балармен арасында «Айна» атты психологиялық жаттығу ойнатылды. 

Сәтсіз отбасындағы оқушыларды мектеп келмеген күндері ТІЖО, әлеуметтік педагог, құқықтық тәрбие менеджері және психологтар уақытысында үйлеріне барып ата анасымен және оқушыларымен сөйлесіп, себебін біліп қайттық. 8-9 сынып қыздар арасында жеке кабинетке келіп өз сырларымен жеке кеңестер жүргізілді. 


Педагог психолог:                                                                       А.Б  Айнабекова

                                                                                                      Т.М  Манапова